Қазығұртта «Жастар саябағы» ашылды

Елбасы Н.Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты мақаласына орайғы іс-шаралар барысында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауылы аумағындағы «Бабалар рухына тағызым» атты алып кешен жанынан «Жастар саябағының» ашылу салтанаты болды. Аудан жастары мен тұрғындарына арналған саябақтың лентасын Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев пен осы саябақты салған, меценат, елдің сүйіспеншілігіне бөленген азамат, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген заңгері, ҚР Құрметті судьясы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Бекет Тұрғараевтар қиды.

Абайдың қара сөздері жазылып, күн өткізбейтін орындықтар қойылып, кең алқапқа талдар отырғызылып жасыл аймаққа айналған саябақ әсем безендірілген. Шараға қатысқан аудан ардагерлері мен тұрғындары, жастар мен мектеп оқушылары «Бабалар рухына тағызым» атты монументке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, ата-бабалар рухына бағышталып құран оқылып, ас берілді.

Осы шара барысында аудан жастары арасында ұлттық спорт түрлері мен футболдан өткен дәстүрлі турнирде үздік танылған спортшылар мен командаларға аталған жарыстың демеушісі Бекет Тұрғараев кубоктармен қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста