ҚазҰАУ-да «PARASAT»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру орталығы ашылды

ҚазҰАУ-да «PARASAT»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру орталығы ашылды

2019 жылдың 9 қараша күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Бас ғимаратында «PARASAT» орталығының ресми ашылуы өтті.

Іс-шараға еліміздегі көшбасшы ұйым – Nur Otan партиясының өкілдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Алик Шпекбаев, ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов, «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласының әкімдігі, Оңтүстік Кореялық ІМЕІ халықаралық ментальді-ағартушылық орталығы мамандары, жастар ұйымдары мен университет оқытушылары, студенттері қатысты.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен республика бойынша қолға алынып жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында қолға алынған бұл ауқымды шаралар қазақстандық ЖОО-ларда нақты іске асырылуда.
Елбасы атап өткендей, жемқорлықпен күрестің тиімділігі бүкіл қоғамның жұмылып, белсенді атсалысуына тікелей байланысты. Бұл ретте, мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар мен ұстаздар қауымы болып, қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру – баршамыздың міндетіміз.

Орталықтың ашылуына байланысты өткен жиынды ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов ашып, оқу орнының әлемдік деңгейдегі университетке трансформациялану стратегиясын таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша оқу орны аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Мемлекеттік қызмет істері және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тығыз байланыс нәтижесінде ашылған жаңа орталықтың жұмысын университеттің Құқық кафедрасы және Тәрбие бөлімі мамандары мен белсенді студент жастар бірлесіп жүргізеді. Қазақс-тан¬ның озық ЖОО-ларын бірік¬тірет¬ін Академиялық адалдық Лигасы құрамының мүшесі ретінде ҚазҰАУ бұл бағытта жүйелі жұмыстарды іске асырып келеді.
«PARASAT» орталығының мақсаты – білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық қағидаттарына тәрбиелеу, сонымен қатар халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту және енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыру.
Орталық Nur Otan партиясымен, «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен, «Алматы-Адалдық алаңы» жобасымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, Алматы қаласының әкімдігімен, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігімен, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдерімен тығызбайланыста жұмыс атқарады. Бүгінгі күні осы орталық аясында универсиеттің Студенттер үйілерінде «Саналы ұрпақ» клубтары мен «Адалдық алаңдары» ашылған.

Орталықтың ресми ашылу аясында Агенттік басшысы биылғы жылдың 4-8 қараша аралығында «PARASAT» мектебінде өткен «Сыйбайлас жемқорлық феномені мен парасаттылық және онымен байланысты ұғымдар» туралы семинарға қатысқан белсенді суденттерге арнайы сертификаттар табыстады.
ҚазҰАУ жастарымен кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Алик Шпекбаев Қазақ ұлттық аграрлық университетінің атқарып отырған жұмыстарына табыс тілеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін әсіресе, жас ұрпақтың санасын жаңғыртып, олардың бойында патриоттых рух пен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды екенін айрықша атап өтті.
Алик Жатқанбайұлының пікірінше, адами құндылықтар мен адалдық принциптері бойынша әр бала үйден ұлттық тәлім-тәрбие алып, әр бір студент жасқа оқу орнында дұрыс бағыт-бағдар берілсе елімізде жемқорлық болмайтынын айтты. Агенттік Төрағасы жастарға ерекше сенім білдіре отырып, қоғамды жайлаған келеңсіздіктермен белсенді түрде жұмыла күресуге шақырды.
Жиынға арнайы келген делегация ҚазҰАУ базасындағы Агротехнологиялық Хаб құрамына кіретін Қазақстан-Жапон, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік, Инновациялық Су орталығы, Инновациялық жылыжай мен оқу, ғылыми-зерттеу зертханаларында тақарылып жатқан жұмыстармен танысып, университеттегі «Назарбаев білім-ғылым орталығында» және Студенттер үйілерінде болып, университет қызметіне оң бағасын берді.

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Фото: Мамыржан БОТАБЕКОВ

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста