Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін және жақын арадағы екі тәулікте 30-31 қаңтарда температура фонының төмендеуіне және мұз түзілімінің күшеюіне байланысты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында және Сырдария өзенінде мұз кептелуінің қалыптасуы, су мөлшерінің жоғарылауы, судың тасуы мен су деңгейінің көтерілуі мүмкін", - деп хабарлады синоптиктер. Осыған дейін синоптиктер елімізде қатты аяз болатынын айтқан еді. "Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінде желдің екпіні секундына 18-23 метр болып, түнде кей жерлерінде тұман түседі", - деп ескерткен еді мамандар.