Павлодарлық "Сағып" ШҚ шығаратын қымыз Италия елінің астанасы Милан қаласында өтіп жатқан EXPO-2015 көрмесіне қойылатын болды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттікке шаруа қожалықтың басшысы Төлеу Құшманова хабарлады.
"Қазагромаркетинг" АҚ пен облыстық әкімдік тарапынан халықаралық көрмеге қатысты хабарлама келді. Қазіргі таңда бұл шараға жергілікті өнімді жеткізу бойынша Италияда тұратын ұлым келіссөздер жүргізіп жатыр. Ұлттық сусын шетелдік қонақтардың көңілінен шығады деген үміттеміз", - дейді кәсіпкер.
Құшманованың айтуынша, жаз мезгілінде қымыз цехында сауылатын 140 биеден тәулігіне 1400-1500 литрге дейін өнім алынады. Биыл 29 наурызда Мәскеу қаласына алғашқы партиямен төрт тонна қымыз жіберіліпті.
Айта кетейік, EXPO-2015 бүкіләлемдік көрмесі Миланда биыл 1 мамыр-31 қазан аралығында өтеді. Көрменің тақырыбы - "Планетаны тамақтандыру, тіршілікке арналған энергия". Миландықтар көрмеге 29 миллион қонақ келеді деп күтіп отыр.
kaz.tengrinews.kz