Қазақтың қазанатына қашан қол жеткіземіз?

Қазақтың қазанатына қашан қол жеткіземіз?

Ағылшындық ғалым­дардың «жылқы малы алғаш рет қазақ жерінде қолға үйретілген» деген сенсациялық жаңалығы жария болғанда, жүрек жарылардай қуанғанымыз рас. Осыны айтып мақтанғанда, ауыздыға сөз бермейміз, алайда атақ-даңқымызды асырған ата-баба кәсібінің қадіріне жете алмай жүрміз-ау... Әйтпесе қазақтың күллі әлемді тамсандырған қазанаттары қайда кеткен?..
Жылқыжанды халықтың жерінде киелі жануар­ды зерт­теп, асыл тұқымды тұлпарларды жан-жақ­ты зерделейтін ар­найы ғылыми орталық болса игі еді. Бірақ өзіміз кие тұтатын қасиетті Қамбаратаға мұндай игілікті қимай отырмыз. Қазақ­тың қазанатын қайта жаңғырту жолындағы бар жауап­кер­шілік Қостанайдағы «Қазақ тұлпары» зауытының құра­мын­дағы шағын ғана зертханаға жүктелген. Және бұл зерт­хана салмағы ауыр міндеттемені абыроймен орындап келе жатқаны көңіл көншіткенімен, «аты аңызға айналған қазақтың қа­натты тұлпарларына қайта қол жеткізу үшін елімізде қазақ ғылыми-зерттеу жылқы институтын ашатын мезгіл жет­ті» дейді мамандар.

Тақырыпқа тұздық
Осыдан 123 жыл бұрын Николай пат­ша­ның нұсқауымен Николаевск уезінде са­лын­ған атқораның уақыт өте келе маңызы ар­тып, «Қостанай жылқы тұ­қымы» деген ұғым пайда болады. 1951 жылы 22 наурызда КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен қоста­най­лық жылқы мініс-жегіс жануары ретінде ресми түрде бекітіледі. Ал 2000 жылы Елба­сы­мыздың тапсыруымен «Қазақ тұлпары» РМҚК-ға айналып, спортқа маман­дан­ды­рыл­ған тұлпарлардың тұқымын жасау мақ­саты қойылады.

                                                                                                    Нәбидолла Кикебаев, «Қазақ тұлпары» РМҚК директоры, ауыл шаруашылық ғы­лы­мының докторы, мұғалжар жылқы тұ­қы­мының авторы:
– Біздің мақса­ты­мыз – баяғы ба­ба­ларымыздың пырағын еске түсіретін, қазақтың салт мініс аты дейтіндей жаңа тұқым қалыптастыру. Өйткені қазақты айдай әлемге тек алтыны мен күмісі, мұнайы мен бидайы ғана емес, ең ал­дымен оның қазанаты шығарады. Ай­туға оңай болғанымен, талмай ізденіп, тапжылмай атқармаса, жеңіл шешіле қой­майтын шаруа. Сондықтан кешегі қазанаттың ізін жалғайтұғын көркі көз тартар келісті, аузымен құс тістеген жүй­рік, таңнан кешке шапса да, ша­шасын шаң қаппас қазақтың қанатты тұл­парлары жобамен 20-25 жылдың ішін­де ортамызға қайта оралады деп жос­парлаудамыз.
Аталмыш жылқы зауытының негізгі міндеттерінің тағы бірі – ол «Қазақ тұл­пары» жылқы зауытын шын мәнінде қазіргі заман талабына сай қылу. Мұн­таздай қо­ра­лары, ипподромы, шабындығы бар кешен ретінде қала жанында, кәрі То­былдың көрікті жерінде көз тояттай­тындай «мен мұндалап» тұрса, кәнеки.
«Қазақ тұлпарында» он жыл бұрын 226 бас жылқы болса, қазіргі таңда ол 311 басқа жетті. Оның сыртында асылтұқымды 700-ден астам жылқы республикамыздың түкпір-түкпіріне сатылып, жергілікті жыл­қыларды асылдандыруда.
Бәйге жарысында да берекелі нәтиже көрсетіп келе жатқан қостанайлық жүй­рік­тер 2002 жылдан бері шетелдік таза қанды жыл­қылармен жарысқа түсіп, 334 рет жүл­делі орындарға ие болды. Соның ішінде 134 бірінші, 114 екінші, 80 үшінші жүл­де мәртебесін жеңіп алып, 20 млн-нан ар­тық ақшалай сыйлық пен 18 автокөлікті қан­жығаларына байлады.
Биылғы Елбасы Жолдауы туындатқан жа­ңа міндеттер «Қазақ тұлпарына» да қа­тысты. Бізге шетелдік жарыстарға шығуға не­месе жылқыларымызды сату мәселесінде қиындықтар туындап жататыны шындық. Әдетте, еуропалықтар Азия елдерінен тарай­тын ветеринарлық аурулар көп деген сыл­тауды алға тартады. Ал қазір Кеден ода­ғы арқылы мұндай мәселе шешімін та­бу­ға тиіс деп үміттеніп, «ендігі уақытта Ресейде, Белоруссияда ұйымдастырылатын халықаралық жарыстарға қатыса аламыз» деп отыр зауыт мамандары.

Институт ашылмай, игілікке жетпейміз
Ғалымдардың интеллектуалдық ең­бек­те­рі мен ізденістерін ендігі кезеңде өз жүйе­мізде пайдаланар шақ келді. Ол үшін ғылыми-зерттеу институттары ашылуы қа­жет. Мұндай бастаманың айғағы – ол зауыт­­та жыл­қының генетикалық тегін анық­тайтын ге­нетикалық талдағыш құрыл­ғы және биелердің күйін және жатырда пайда болған құлынның түр-тұлғасы, дене бітімі, жетілуін кәдімгі монитор арқылы ба­­қылауға мүмкіндік беретін шетелдік озық құрылғы, сонымен қатар әрбір жыл­қы­ға жеке иден­ти­фикациялық нөмір ен­гі­зе­тін құралдар іске қосылған. Халықаралық ISO 11785 және 11784 стандарттарына сай келетін осы­нау құрылғы арқылы енгі­зіл­ген жеке код жылқының ғұмырына же­те­ді, ол ше­ка­радан өтерде немесе даулы мәселе туғанда айрықша рөл атқарады. Мұндай жүргізіліп жатқан ғылыми жұ­мыс­та­рымыздың тағы бір бағыты – асылтұқымды айғырлардың жоғары сұ­рыпты ұрық­тық қорын жасап, қолдан ұрықтандыру жұ­мыстары жүргі­зілу­де. «Зауыт зерт­ха­на­сын­да ізденіп жүрген ғалымдарымыздың биотехнология, генети­ка саласында нәтижелі еңбек етуі үшін күш жұмсай бер­мек­піз», – дейді бұл тұрғыда зауыт бас­шысы.
Нұрлан Елкеев, биотехнология зерт­ха­на­сы­­ның ғылыми қызметкері, селекционер-зо­отехник:
– Мал шаруашылығы ғылымындағы ең құнды жетістіктердің бірі – аталық мал­дың ұрығын мұздатып қатыру және ұзақ мерзім сақтау әдістерінің жа­са­лы­нуы мен өндіріске енгізіле бастауы. Ұрықты мұздатып қатыру, тем­пе­ра­ту­расы -1960С сұйық азотты қолдану ар­қы­лы ғана жүзеге асады. Әдетте мұндай температурада ұрық жіпшелерінің тір­ші­лігі уақытша тоқтап, өзінше бір крио­кон­сервация жүреді. Осындай күйдегі ұрықты ұзақ мерзім сақтауға, алыс қа­шықтықтарға тасымалдауға және қажет болған жағдайда, қашан және қайда бол­сын пайдалануға мүмкіндік бе­ре­ді.

Қостанай жылқы тұқымының биелерін аса құнды, асылтұқымды айғырлардың жаңа алынып сұйытылған және мұз­да­ты­лып қайта ерітілген ұрықтарымен қолдан ұрықтандыру арқылы жылқы зауытында 47 бас, ал жеке шаруа қожалықтарында 14 бас құлын алынды. «Қолдан ұрық­тан­ды­ру­дан алынған төлдер табиғи шағы­лыс­тыру жолымен алынған төлдерден тіпті де кем емес. Бірақ мәселе – құлынның қай жол­мен шыққанында емес, ДНК-ның құра­мында» дейді мамандар. Мысалы, қол­дан ұрық­тандыру арқылы алынған «Той­қасқа» атты айғыр – осыған дәлел. Жар­ты жыл бұрын Астанада өткен «Қара­өткел» халықаралық жәрмеңкесінде «Қазақ тұлпарының» асыл тұқымдыларына таң­дай қақпаған жан жоқ шығар, сірә. Сон­дағы фотосессияның басты кейіпкері осы пробиркадан шыққан «Той­қас­қа» бол­ды.
Сапалы генетикалық қор қалыптастыру сала­сында жұмыс атқарып жатқан маман­дар­дың ең басты және асыл арманы – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАНАТЫНА қайта қол жеткізу. «Қазақ тұлпары» жылқы зауы­ты­ның атқарып жатқан осындай игі істері мен жоспарланған мақсаттарын тиісті дәрежеде жүзеге асыратын республикалық дең­гей­дегі ғылыми орталық ашылар болса, алыс-жақын шетелдердің атбегілерінің назары Қазақ еліне ауары сөзсіз. Бұл бізге сырттан инвес­тиция алып қана келмейді, оған қоса Қазақстанның әлемдік аренада өз орнын ала­тындай бедел жинауына бірден-бір қызмет ететіні айтпаса да түсінікті.
Биылдың өзінде осы «Қазақ тұлпары» ме­кемесінде бір ғылым докторы, алты ғылым кандидаты жылқы шаруа­шы­лы­ғы­на қатысты заман талабына сай өзекті та­қы­рып­тар­да диссертациялық жұмыс­та­рын қор­ғап, білікті маман екендерін дәлелдеді. Иә, ра­сымен, егер бұл орайда шағын ғана зерт­хана кешенді ғылыми орталық «Қазақ ғылыми-зерттеу жылқы институтына» ай­нал­са, Қазақ елі көз жазып қалған қасиетті қа­зынасына қол жеткізер күн де алыс емес сияқ­ты. Ендеше, ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАНАТ, ҚҰЛАГЕРЛЕРІ көбейіп, Қамбаратаның киесі қолдап, көңілдегі үлбіреген үміттің ор­нына салмақты сенім орнату үшін қажетті жағ­дай жасау – уақыт талабы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста