«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ»: АЛДАУ МА, ӘЛДЕ АРБАУ МА?

Байланыс нарығында міндеттемелеріне салғырт қарайтын оператордың күдікті айла-тәсілдері толастамай тұр...

Соңғы уақытта «Қазақтелеком» жұмысының шикілігіне арызданатын оқырмандарымыз көбейді. «Alatay Aqparat» ұжымының да аталған компанияға шағымы бар.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ел экономикасын көтерудегі жаңа бағдар, оның ішінде мемлекет нарығындағы ірі монополистермен күрес өз жемісін беруде. Атап айтқанда, жыл басынан бері  «Қазақтелеком» акцияларының белгілі бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Алайда, Ұлттық байланыс операторының жұмысындағы шикіліктерге тұтынушылар наразылығы әлі де тоқтамай тұр. Монополист компанияның қитұрқы «схемаларынан» байланыс қызметтерін адал тұтынушылар зардап шегуде. Міндеттемелеріне салғырт қарайтын оператордың айла-тәсілдерінің кесірі «Alatay Aqparat» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне де тиді.

Көптеген жыл бойы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы  «Alatay Aqparat» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (атауы өзгергенге дейін «Алматы ақшамы» газеті» ЖШС және «Вечерний Алматы «газеті» ЖШС болған) қызмет көрсетіп келген.

2020 жылдың қыркүйегінде «Alatay Aqparat» ЖШС-ның бухгалтериясы қаржылай шығыстарды зерделеп, бақылау барысында «Қазақтелекомның» көрсетілетін қызметтерге сәйкес келмейтін сомадағы ақшалай өтем сұрағанын анықтайды. Істің мән-жайына  қанығу үшін «Alatay Aqparat» компаниясы Ұлттық байланыс операторының кеңсесіне хат жолдады.

«Қазақтелеком» қызметкерлері өз жауабында «Alatay Aqparat» ЖШС-ына 319 (!) абоненттік телефон нөмірлері тіркелгенін хабарлады. Оған қоса көп жылдан бергі тұрақты оқырмандарымызға жақсы таныс «Almaty aqshamy» және «Вечерний Almaty» газеттері редакцияларының  бұрынғы  мекен-жайларында (Абылай хан даңғылы, 2,  Алматы-2 вокзалының жанында) тағы бес абоненттік нөмірдің тиесілі екенін айтады. Айта кеткен жөн, біздің басылымдар айтылған мекенжайдан 2011 жылы көшіп кеткен!

«Alatay Aqparat»  атындағы үш жүзден астам абонент туралы айтқанда, мына фактіні ойға алған жөн: біздің компанияның штатында дәстүрлі түрде 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Бұл тәртіп қаншама жылдардан бері өзгермеген.

Біздің компанияға үш жүзден астам абоненттік нөмірдің жазылуы келесідей жағдайда орын алған: бір кездері интернет байланыстың сапасына наразы болған «Almaty aqshamy»  және «Вечерний Almaty»  басылымдарының басшылары Ұлттық оператордан бұл жағдайды дұрыстауды өтінеді. «Қазақтелеком» өкілдері өз кезегінде жаңа шарттар әкеліп, құжаттарға қол қойылғаннан кейін барлық мәселелерді шешуге уәде береді. Айтылған уақытта интернетке қосылу жылдамдығы секундына небәрі 6 Мбит болды. Бұл жылдамдықтың жұмысы ақпарат таратуға негізделген 80 адамдық ұжым үшін өте аз екені айтпаса да түсінікті. Аталмыш жаңа шарттарға қол қойылғаннан кейін «Alatay Aqparat» компаниясы үш жүз абоненттік нөмірдің иегері болды. Алайда, интернетке қосылу жылдамдығы уәде етілгендей емес, небәрі 2 Мбитке ұлғайды. Қызмет күші 6 Мбит орнына 8 Мбит болғанымен, қызмет құны айына 480 мың теңгеге дейін өскен.

«Қазақтелеком» компаниясы жеке тұлғаларға жылдамдығы секундына 100-ден 500 Мбитке дейін жететін қызметтерді бар болғаны 7 мың теңгеге жалғайтынын ескерсек, интернет байланысы әлсіз үш жүз абоненттік нөмірге жарты миллион теңгеге жуық ақша алуы – әділ қызметке емес, алаяқтардың арбауына ұқсайды.

Бұл дәлелді айғақтарымызбен  монополист компания өкілдері алғашқыда келіседі. Сөйтіп, «Alatay Aqparat» ЖШС мен «Қазақтелеком» АҚ арасында келіссөз жүргізіп, нәтижесінде қайта есеп жүргізуге уағдаласады. Алайда, іс жүзінде Ұлттық оператор қызметкерлері бұл бағыттағы жұмыс барысын соза бергендіктен, оларға біздің тараптан тағы да хат жолданады. Оған тиісті мәселе «Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясының қарауына шығарылғаны жөнінде жауап алдық.

«Қазақтелеком» 2020 жылдың 24 қарашасында өңірлік дирекцияның 2 297 000 теңге соммаға қайта есептеу жүргізгені туралы есеп берді. 2021 жылдың 29 қаңтар күні Ұлттық оператор ішкі тексерулер негізінде қайта есептеу сомасы 8 575 921 теңгеге дейін өскенін және кінәлі қызметкерлер мен оның тікелей басшысына тәртіптік жазалау шаралары қабылданғанын хабарлады.

Дегенмен, бір жылдан астам уақыт бойы есептелген 8,5 миллион теңге «Alatay Aqparat» ЖШС-іне қайтарылмады. Осыған орай біздің тарапымыздан өткен жылдың ақпан айында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының үстінен  сотқа дейінгі шағым жіберілді. Алайда,  компания өкілдері  уағдаластықтан, келіссөзден жалтара бастады.Сотқа дейінгі тағы бір шағым жіберілгенде, олар өз есептерімен өздері келіспейтінін және ешқандай қаражатты кері қайтармайтынын мәлімдеді.

Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақтелекомға» қарсы талаптарды қарау бір жылға жуық уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде «Қазақтелеком» АҚ заңгерлері «Alatay Aqparat» ЖШС-на 1,6 миллион теңге берешек сомасын өндіріп алу туралы қарсы арыз жазады. МАЭС 2021 жылдың желтоқсанында келіп түскен бұл арызды осы жылдың ақпан айында қанағаттандырып, біздің компаниямызға 8,5 миллион теңгені қайтару туралы талапты қабылдаудан бас тартты.

Соттың шешім шығарудағы дәлелдерін ерекше атап өткен жөн. Өз шешімін қандай да бір фактілерге негіздеу үшін сот «Қазақтелекомның» есептеудегі өз қателіктерін мойындайтын хаттарын санаудан бас тартты. Оның себебін «Қазақтелеком» бұл хаттарды кейін қайтарып алды» деп түсіндірді. Азаматтық кодекске сәйкес, хаттармен қосымша расталған өз міндеттемелерінен біржақты бас тартуға болмайды. Осы дәлелдерге қарамастан, Алматы МАЭС монополистің пайдасына шешім шығарып, «Қазақтелекомға» айла-тәсілмен ақша өндірудегі қитұрқы іс-әрекеттерін жалғастыруға мүмкіндік бергендей болды.

Қазір жүріп жатқан ірі монополистермен күрес барысында тиісті органдар құрығы ұзындығын пайдаланып жауапкершіліктен жалтарып жүрген Ұлттық байланыс операторы қызметінің осы бөлігін мұқият тексереді деп үміттенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста