Қазақстанның киноқоржыны боевик жанрындағы фильммен толықты

Қазақстанның киноқоржыны боевик жанрындағы фильммен толықты

Қазақстанның кино саласы жаңа туындымен толығып отыр. 2015 жылдың 30 сәуірінен бастап отандық киносүйер қауым Шымкентте түсірілген «13 регион» фильмін тамашалай алады.

Фильм авторы – Омар Сұңқар, ұзақтығы 95 минут, яғни толықметражды көркем фильм. Басты рольдерді Омар Сұңқар, Мейрамхан Суннатиллаев және Ғани Нұржігітов сомдайды.

Кино желісі Оңтүстік Қазақстан облысында өрбиді. Жергілікті қылмыс әлемінің серкесі Бағдат есімді жігіт ескі достарының бірінен қалада дайындалып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер мен қылмыстар жайында естиді. Жағдайды біле тұра үнсіз қалуды жөн көрмеген ол осынау оқиғалардың алдын алмақ болған. Алайда, бұл істің артында арнайы қызметтің өкілдері тұрған еді. Қаншама адамның тағдыры өзіне қарап тұрғанын білген Бағдат қоғамдағы әділетсіздікпен және тәртіпсіздік жасамақ болғандармен күресіп, өмірдегі өз жолына өзгерістер енгізеді. Фильмнің айтары да осы, яғни, жақсылық әрдайым жамандықты жеңеді.

Айта кетейік, бұл Шымкент жайында түсірілген алғашқы фильм емес. Бұған дейін жас режиссер Жәнібек Жанқараевтың «Потому что шымкентский» кинокартинасы отандық кинотеатрлардан көрсетілген болатын. Фильм авторы аталған киноның шығыннан бөлек әжептеуір табыс алып келгендігін айтты.

Baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста