Қазақстанның ең әдемі 10 тележүргізушісінің тізімі жасалды

Қазақстанның ең әдемі 10 тележүргізушісінің тізімі жасалды

ZTB.kz сайты Қазақстанның ең әдемі 10 тележүргізушісінің тізімін жасады. Ең көрікті тележүргізушілердің арасында кәсіби журналистермен бірге актерлер, модельдер мен шоу-бизнес өкілдері де бар. Сонымен, отандық телеарналардағы ең ажарлы адамдар кімдер екен?!

1. Майя Бекбаева, "Другими словами" қорытынды сараптамалық бағдарламасы мен "Выход есть!" ток-шоуының жүргізушісі.

2005 жылы Майя журналист атанады, кейін сол кездегі алматылық танымал "Таң" телеарнасының шеф-редакторы болады. 2009 жылы Астанаға "Қазақстан" корпорациясының шақыруымен көшіп барып, онда 2011 жылдың мамыр айына дейін жұмыс істейді. Майяның шығармашылық қоржынында "Бизнес-обзор", "Статус-столица", "Личная территория" сияқты бағдарламалар бар. Ол осы авторлық жобаларын жаңалықтар қызметімен қатар алып жүреді. 2012 жылы ол "Жетінші арнаның" жаңа ұжымының құрамына кіреді.

2. Тәуекел Мүсілім, "Хабар" телеарнасындағы "Жаңа күн" бағдарламасының жүргізушісі.

Тәуекел Алматыда туылып, осында №140 мектеп-гимназияны бітірген. Тәуекел Мүсілімнің мамандығы машина жасау саласының инженер-механигі. Бірақ ол шоу-бизнеске араласып кетеді - жарнама роликтері мен телехикаяларға түсе бастайды. Қазақстандық жаңа "Махаббатым жүрегімде" атты фильмнің басты рөлін сомдайды.

3. Мәдина Балғабаева, КТК арнасының жаңалықтар жүргізушісі, жеке шаралардың, той, туған күн, корпоративтік думандардың жүргізушісі.

Мәдина Балғабаева 10 жылдан бері жергілікті телеарналарда елдің басты жаңалықтарының жаршысы. Бүгін ол КТК арнасының дарынды директоры, шаралардың сұлу жүргізушісі, бір баланың анасы және, сөзсіз, қазіргі қыздарға болатын тұлға.

4. Әбдел Мұхтаров, "Жетінші арнаның" жүргізушісі.

1986 жылы 28 қазанда Алматыда туған. Халықаралық үздіксіз білім беру колледжін қызыл дипломмен бітірген. Оны аяқтаған соң ол Қазақстан менеджмент экономика және болжау институтына түсіп, іскерлік әкімшілік саласы бойынша білім алады. 2009 жылы Лондонда "Кино және телевизия продюсері" мамандығы бойынша магистратураны аяқтайды.  2010 жылы Әбдел "Жетінші арнаның" жаңа жобасының жүргізушілігіне таңдау кастингтен сәтті өтіп, телевизиядағы алғашқы қадамын жасайды.

5. Салтанат Бекжігітова, НТК арнасында "Ревю" бағдарламасының жүргізушісі.

 

Салтанат 1992 жылы 12 желтоқсанда туған. Тележүргізуші, "Алматы аруы-2010" және танымал модельдің өмірі қарама-қайшылықтарға толы. Бала кезінде Салтанат өзінің бойынан ұялатын болыпты, ал қазір бойы - оның подиумдағы басты жетістігі. Мектеп кезінде ол өзін әдемі деп санамайды, ал кәмелет жасына толуға бір жыл қалғанда ол Алматы аруы болады. медициналық институтта оқуды немесе мұғалім болуды армандайды, бірақ экономикалық факультетке тапсырады. Қазір Салтанат - жұлдыздар туралы бағдарламаның тележүргізушісі.

6. Әсел Ақбарова, "Біздің үй" бағарламасының жүргізушісі, "Хабар" арнасының жаңалықтар жүргізушісі.

 

Әсел Ақбарова Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. 2010 жылдан бері "Хабар" телеарнасындағы жаңалықтар қызметінде жүргізуші. Ол "Астана" телеарнасынан бастаған. Онда ол таңғы бағдарламаны жүргізген, сонымен бірге қазақ және орыс тілдерінде жаңалық жүргізген.

7. Алмагүл Ықыласова, 24 KZ арнасының жаңалықтар жүргізушісі.

 

Алмагүл көпбалалы отбасында дүниеге келген. Алғаш жұмыс жолын ол Орал қаласындағы "ТДК 42" телеарнасының жаңалықтар дикторы ретінде бастаған. Диктор мен қалалық, облыстық және республикалық концерттік бағдарламалардың жүргізуші қызметін қатар алып жүрген. Бұдан кейін телевизиялық қызметтен мобильді байланыспен айналысатын шетел компаниясына жұмысқа тұрады. Қазір 24 KZ арнасының жаңалықтарын жүргізеді.

8. Артур Төлепов, "Хабар" арнасының тележүргізушісі және "Подружки", "Күн сақшылары" телехикаяларының жұлдызы.

 

1991 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. "Вar Вars" командасының насихатын жасаумен айналысып жүр. "Вar Вars" - еліміздегі Street Workout спортын насихаттайтын команда. Актерліктен басқа, ол қазақ және орыс тілдерінде іс-шаралар өткізумен айналысады, оның ішінде "Қазақфильм" АҚ кинопремьераларына қатысады, республиканың үлкен алаңдарындағы түрлі концерттерді жүргізеді. Сонымен қатар, ІХ Халықаралық "Евразия" кинофестивалін өткізді. Қазақстандағы street workout федерациясының өкілі.

9. Динара Сәтжан, "Астана" телеарнасындағы "Статус QUO" бағдарламасының жүргізушісі.

Динара Сәтжан 1982 жылы 21 қыркүйекте Қарағанда облысы Жаңа-Арқа ауылында туған. 2004 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық журналистика факультетін бітірген. 16 жасында "Қазақстан" арнасының таңғы бағдарламасында тұңғыш рет жүргізуші болады, одан кейін "Шахар" ТРК-нда "Music Station" бағдарламасын жүргізеді. Жаңалықтар қызметіне 2003 жылы келеді. 2006-2009 жылдар аралығында "Астана" телеарнасының жаңалықтарын жүргізеді. Ал 2008 жылдан бері "Хабар" телеарнасында жұмыс істейді. 2012 жылға дейін жаңалықтар қызметінің жүргізушісі болған. 2009 жылы "Қазақстан миссисі" конкурсын жеңіп алады, кейін жеңімпаз құқығында "Әлем миссисі - 2009" байқауына қатысады.

10. Екатерина Краснова, Қазақстандық белгілі модель әрі тележүргізуші.

 

Екатерина Бішкекте туған, 2007 жылы ол өз өмірінде маңызды шешім жасайды - туған Бішкекті тастап, Қазақстанға көшеді. Ақшасы болмаған, азаматтығы да, танысы да жоқ. Екі ел арасында жүріп, ол университетте оқып та, Xit TV арнасында виджей болып жұмыс істеп те үлгереді, жеке интернет-жобасын жасап, сән көрсетілімдеріне қатысады. Бүгінде Екатеринаның бос уақыты жоқ: телевизиядағы және подиумдағы жұмысынан басқа, ол телехикаяларға түседі, фильм дыбыстайды, телешоуларға қатысып, Тимур Бекмәмбетовтің Қазақстандағы шығармашылық тобымен бірге жұмыс істейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста