Қазақстанға жасанды алмас өндіру қондырғысы қайтарылды
КСРО кезінде аса құпия болған 13Я "Ява" қондырғысы Қазақстанға қайтарылды. Аталған кешен Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Азғыр полигонында орналасқан. Дегенмен, осы уақытқа дейін ол халықаралық ұйымның иелігінде болып келген еді, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы "АкЖайык" порталына сілтеме жасап.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпаратына сәйкес, кеңестер кезінде "Ява"-ның негізінде жарылыс жасап, жасанды алмас өндіру тәжірибесі жүргізілген. Онда 150 келі алмас өндірілді. Ал 1990 жылдың басында оның жұмысы тоқтап қалған болатын.
2003 жылы Қазақстан Үкіметінің қаулысына сәйкес, "Ява" қондырғысы "Ядролық зерттеулердің бірлескен институты" (Ресей, Дубна қаласы) халықаралық ұйымының қарамағына берілген болатын. Оны басқа жерге тасымалдау мүмкін емес еді. Сол себепті қондырғыны бақылау міндеті Қазақстанның ядролық физика институтына жүктелген. Өткен жылы аталған екі институт арнайы құжатқа қол қойып, "Яваны" Қазақстанға қайтаруға келісті. Осыған орай, еліміздің ядролық физика институты кешенді толығымен қабылдап алып отыр.
Айта кетерлігі, болашақта Ядролық зерттеулердің бірлескен институты мен Қазақстанның ядролық физика институты "Ява" қондырғысын бірлесіп пайдалануды жоспарлайды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу