Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау: Дархан Кәлетаев жай-жапсарын айтты

Қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау: Дархан Кәлетаев жай-жапсарын айтты

Польшадан алғашқы репатриациялық рейспен ұшу үшін 100-ден аса қазақстандық Киевтен бір лек Львовқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев мәлімдеді.

 
Украинадағы қазақстандықтарды Польшаның Катовице қаласынан Атырауға арнайы рейспен апару жоспарланып отыр. Ұшу 26 ақпан жергілікті уақыт бойынша сағат 2:00-ге жоспарланған.

Украинадан эвакуациялауға 500-ден астам қазақстандық өтінім берді. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз "жасыл дәліз" қамтамасыз етіледі.

"Киевтен бір лекті Львовқа жібердік. Бұл лекте елшілік қызметкерлерінің отбасы мүшелері (25 адам), Air Astana авиакомпаниясының президенті Питер Фостер, студенттер, транзиттік аймақтарда қалған азаматтар, туристер бар. Барлығы 500-ден астам адам репатриациялық рейске сауалнама толтырды. Билет құнын әзірге айта алмаймын, мәселе шешіліп жатыр", - деді ол.
Кәлетаевтың айтуынша, Қазақстан елшілігінің ғимаратында студенттер мен туристерді қосқанда 70-тен астам адам түнеген.

"Біз кездесу нүктесі Львов қаласы деп белгіледік. Өйткені бұл қала қауіпсіз қалалардың бірі және Польшаға жақын. Біз қазақстандықтарға Львовқа жетуге көмектесуге тырысамыз. Біз ешкімді қалдырмаймыз. Кеше Киевте көлік кептелісі болып, адамдар үйлеріне оралуға мәжбүр болды. Бүгін тағы бір мәселе бар. Көлік жалдай алмаймыз, өйткені жүргізушілер жоқ. Барлық ер адамдар әскерге шақырылды. Мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Сенім телефонына қоңырау шалғандарды мүмкіндігінше жібереміз. Көлік тапқаннан кейін оларға қоңырау шаламыз", - деді Кәлетаев.
Қазақстандықтарды үш рейспен жеткізу жоспарланған.

Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49

Сонымен қатар, Одесса облысының аумағында жүрген Қазақстан азаматтары елден Молдова арқылы (Старо-Казачья, Паланка, Тудора және Серпневе-1 шекаралары) кете алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста