Қазақстандықтарды шошытқан "улы жәндіктің" не екені белгілі болды (фото)

Қазақстандықтарды шошытқан "улы жәндіктің" не екені белгілі болды (фото)

Мессенджерлер арқылы таратылған белгісіз жәндіктің суретіне қатысты энтомолог маман пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

Биология ғылымдарының докторы, "Зоология институты" РМК-ның зоология зертханасының қызметкері Перизат Есенбекова, суреттегі жәндік Belostomatidae тұқымдас су қандаласы екенін айтады. Бұл ең ірі жәндіктер қатарынан саналады, оның ұзындығы 10 сантиметрге дейін жетеді.

Сарапшы маман бұл жәндіктің өлімге әкелетінін жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл жәндік балық және шабақтарымен қоректенеді. "Бұл қандала адамдарды суға түскен кезде аяқтан немесе бақайларынан шағады. Дегенмен ол улы емес, бірақ, ауыртатынын айту керек. Олар өзінен ірі қарсыласпен бетпе-бет келгенде, соның ішінде адаммен айлаға көшіп, өлген бола қалады", - деп түсіндірді Есенбаева.

Маман бұл жәндіктер Қазақстанда мекен етпейтінін атап өтті. "Қазақстанда кездеспейді, Оңтүстік Африка, Шығыс Азия, Оңтүстік Шығыс Азия, Қытайдың солтүстік шығысында, Корея және Жапонияда, сонымен қоса, бұл жәндіктің тұқымдастары Солтүстік Америкада мекендейді", - дейді биолог. Есенбаева қазақстандықтарды үрейлендірген бұл жәндіктің түрі бізге таңсық болғанымен, мұндай тұқымдастар үшін қалыпты болып келетінін айтады. "Аналығы аталығының арқасына жұмыртқалайды. Ол жерде ұзақ уақыт (10-12 күн) жүріп, жетіледі", - дейді Перизат Есенбаева.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста