Қазақстандықтар Ұлан-Батырға Алматыдан тікелей ұшып барады

Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Ұлан-Батыр-Алматы-Ұлан-Батыр бағыты бойынша әуе қатынасының ашылуына арналған баспасөз конференциясына қатысты, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өз сөзінде елші Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолия астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтап, 2019 жылғы 10 қазанда Нұр-Сұлтанда премьер-министр Асқар Мамин мен Моңғолия үкіметінің басшысы Ухнаагийн Хурэлсух арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген осы бағыт бойынша әуе қатынасын ашу жөніндегі уағдаластықтың толық орындалғанын атап өтті.

 Аталған жаңа әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы байланыстардың қарқынды дамуына мүмкіндік беретіні айтылды.

Бүгін "Хунну эйр" әуе компаниясының ұшағы "Ұлан-Батыр-Алматы - Ұлан-Батыр" бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады. COVID-19 салдарынан туындаған әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін ұшудың нақты жиілігі белгіленеді.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста