Енді қазақстандықтар ЖСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді тікелей өз телефонынан көре алады. Жер кадастрынан мәлімет енді eGovMobile қосымшасында беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясының мәліметінше, еGovМobile мобильді қосымшасында жер учаскеңіз туралы мәліметті алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөлімін ашу және «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдау қажет. Содан соң ЖСН бойынша жердің бар-жоғына сұрау салу жіберу, тізімнен 1-10 жер учаскесін таңдау және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе бір реттік парольмен қол қою арқылы мәліметтер алуға өтінім жіберу керек. «Қалтадағы ХҚКО» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, біз eGovМobile қосымшасындағы қызмет пен сервистің санын барынша көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтарға мобильді болуға және мемлекеттік көрсететін қызметтерді алу процесін барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Егер бұрын бұл ақпаратты алу үшін бірнеше күн қажет болса, қазір оны 15 минутта алуға болады», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов. eGovMobile мобильді қосымшасы GooglePlay және AppStore-да жүктеуге болады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін қосымшада 73 қызмет пен сервис қолжетімді.
ҚазАқпарат
Қазақстандықтар өз атындағы жер теліміне қатысты мәліметті телефонынан қарай алады
Последние статьи автора