Қазақстандықтар кепіл ретінде құжат тастауға міндетті ме? Заңгер жауабы

Қазақстанда кепіл ретінде жеке басын куәландыратын құжат сұрайтын жағдайлар жиі кездеседі. Компаниялардың бұл әрекеті заңды ма? Бұл сұраққа Tengri Life-ке қазақстандық заңгер Данияр Байғабатов жауап берді.

Құжатты тастау керек па әлде жоқ па?

Данияр Байғабатов кепіл ретінде құжат тастауға кеңес бермейді. Оның айтуынша, компанияның сізден жеке куәлік немесе төлқұжат тастауыңызды сұрауға еш құқығы жоқ.

"Ұйымдар мен басқа да тұлғалардың мұндай талаптары заңсыз болып табылады. Кепіл - міндеттеменің орындалуына кепілдік беру тәсілі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кепіл келісім-шарт негізінде жасалады. Ауызша келісім жасауға болмайды, оның заңды күші жоқ. Ең дұрысы, кепіл шартын жасаған жөн. Заң бойынша, құжаттарды кепілге қалдыруды сұрауға болмайды", - деді заңгер.
 

Кепілге құжат қалдырсаңыз, жеке мәліметтеріңіздің тарап кету қаупі бар.

"Қазір кейде несие рәсімдеу үшін адамның ЖСН нөмірін білу ғана жеткілікті. Сондықтан құжаттарды кепіл ретінде тастамаңыз. Кепіл шартын жасап, барлық шарттарды сол құжатта жазуға кеңес беремін", - деп жалғастырды маман.

Сіздің құжатыңызды кепілге тастауды сұраған адам да тәуекел етеді.

"Азаматтан мұндай құжат сұраған адам да тәуекел етеді. Жеке басын куәландыратын құжаттар мүлік емес. Яғни, қандай да бір жағдайда оны кепілге қойып, кейін сатуға келмейді", - деді ол.

Егер қандай да бір ұйым кепілге құжат тастауыңызды сұраса не істеу керек?

Заңгердің ойынша, егер кепіл ретінде құжат тастауды сұраса, полиция қызметкерлерін шақырып, әкімшілік хаттама құруын сұрау керек.

"Алайда егер адам кепіл ретінде сіздің құжатыңызды әлі алмаған болса, оны жауапкершілікке тарта алмайды. Сондықтан осы нәрсені де ескеру керек", - деді Данияр Байғабатов.

Сондай-ақ, заңгер жеке куәлік немесе төлқұжат сияқты құжаттарды кепілге алу Әкімшілік құқық бұзушылық жайлы кодекстің 494-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын  еске салды.

"Азаматтардың төлқұжаттарын, жеке куәліктерін заңсыз алған болса немесе кепілге алса, ескерту жасалады немесе бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (шамамен 17 мың теңге) айыппұл салынады. Егер бұл факт бір жыл ішінде қайта тіркелсе, онда 10 АЕК (шамамен 34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін", - деді заңгер.

Еске салайық, бұған дейін заңгер Эльнура Кишкенебаева біреуге гарант болмас бұрын не білу керегін айтқан болатын. 

А. Жапатова

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста