Қазақстандықтар 3G желісін пайдалана бастады

Қазақстандықтар 3G желісін пайдалана бастады

Ақпараттық технология саласының соңғы жаңалықтарын қалт жібермейтін қазақстандықтар үшін жа­ғымды жаңалық! Бүгіннен бастап еліміздің қос ірі қаласында 3G байланыс желісі жүзеге асырыла бастайды. Қазақстандағы телекоммуникация сала­сының қарқынды дамуын тағы бір мәрте айғақтайтын жаңа технологияның іске қо­сылуына еліміздегі ірі бай­ланыс операторы GSM Қазақстан/Kcell компаниясы мұрындық болып отыр.
Ұялы байланыс стандартының жаңа қы­рын ашатын үшінші буын желісінің мүм­кін­діктері жайлы елімізде айтылып жат­қа­нына аз болған жоқ. Деректер алмасу бойынша қызметтер мен сервистерді пай­да­лану сапасын жақсартып қана қой­май, ғаламторға қосылу жылдамдығын да артты­ратын 3G құралы әсіресе электронды пошта, онлайн ойындар, файл қосым­ша­ла­рымен жұмыс істеуде уақытты тиімді пай­далануға көп ықпал етеді. Әзірше Алма­ты мен Астана қалаларында тара­ты­латын 3G желісі 90 базалық стансыдан тұрады. Биылғы жылы компания желісін кеңейтуге, оның ішінде, үшінші буын жаб­ды­ғын орнатуға 150 миллион АҚШ дол­ла­ры көлемінде инвестиция жұмсады. Ин­тернет-пакеттерді сатып алған абоненттер үшін деректерді беру тарифі 1 Мб үшін 2,3 теңге мен 11,8 теңге аралығын құрайды. Сол сияқты абоненттердің бейне қоңырау қолдану мүмкіндігі бар. 2011 жылғы қаң­тар­дың 10-ына дейін өтетін акцияның ұсынысы бойынша оның құны абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес, әдеттегі дауыс­тық қоңыраудың бағасына сай ке­леді. Қаңтардың 10-ынан кейін Kcell, Aсtiv, Vegaline абоненттері үшін бейне қоңырау құны минутына 25 теңге шамасында бола­ды. Оператор 3G желісінде мәліметтер жет­кізу жылдамдығын секундына 21,1 Мбитке дейінгі деңгейде белгілеуді көздеп отыр. Алайда 3G стандартын ұстанатын көптеген құрылғылар секундына 2 Мбит жылдамдығында жұмыс істейтінін айтқан компания мамандары, іс жүзіндегі жыл­дам­дық тұтынушы қондырғысының техни­ка­лық мүмкіндіктеріне байланысты екенін жеткізді.
«Аталмыш желінің желтоқсанның 1-і күні іске қосылуы Қазақстан үшін аса ма­ңыз­ды тарихи оқиға саналатын ЕҚЫҰ сам­ми­тіне қатысушы шетелдік қонақтарды әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапа­лы байланыспен қамтамасыз ету ба­ғы­тында қолға алынды», – дейді GSM Қазақстан/Kcell компаниясының бас атқа­ру­шы директоры Вейсел Арал.
Вейсел АРАЛ, GSM Қазақстан/Kcell ком­па­ниясының бас атқарушы дирек­торы:
– Үшінші буын желісін іске қос­қа­ны­мызға қуаныштымыз. 3G байланыс желісінің компания қызметін пайда­ла­натын тұтынушылар ғана емес, ел Үкі­меті мен өзге де құзырлы ұйымдар үшін де септігі тиетініне сенім мол. Біз өз тара­пымыздан абоненттерді сапалы бай­ланыспен қамтамасыз етіп қана қой­май, олардың ғаламторды сенімді әрі жоғары жылдамдықпен қолдануы үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Елі­міздің саяси және халықаралық өміріндегі екі аса маңызды оқиғаның – ЕҚЫҰ саммиті мен VII қысқы Азия ойын­да­рының ресми байланыс операторы үшін­ші буын ұялы байланыс желісін рес­пуб­лика көлемінде 2011 жылы толық іске қосуды жоспарлап отыр. Ол үшін атқа­ры­луы тиіс шаралар алдағы қаңтар айында қол­ға алынады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста