Қазақстандық балалар шалдығып жатқан Кавасаки синдромы несімен қауіпті: Отандық дәрігер түсіндірді

Қазақстандық балалар шалдығып жатқан Кавасаки синдромы несімен қауіпті: Отандық дәрігер түсіндірді

Жақында еліміздің бірқатар аймағында балалардың қауіпті Кавасаки синдромына шалдыққаны анықталды. Алғашында бұл ауру Ақтөбеде байқалып, артынша Нұр-Сұлтан, Алматы мен Петропавлда коронавирусқа шалдыққан балалардың арасында пайда бола бастады. Қауіпті синдромның арты өлімге алып келетін кездер де болыпты. Кавасаки синдромының туындауының себебі неде? Оны қалай емдеу керек және балаларды бұл синдромнан қалай қорғау қажет? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі инфекционист, балалар дәрігері Қайырғали Көнеевтен сұрап білді. 

кавасаки

Балалар невропатологы, медицина ғылымдарының кандидаты Қайырғали Көнеев Кавасаки синдромы тек коронавирустың себебінен пайда болмайтынын жеткізді. Сөзінше, кез-келген инфекциялық ауру асқынып кетсе, балалардың ағзасында синдромының туындауына алып келуі ғажап емес. 

 

"Жалпы бұл ауру кіші және орта қан тамырлардың зақымдалуына алып келеді. Аурудың негізгі белгісі - теріде бөртпелердің пайда болуы. Тіпті, ағзаның шырышты қабығында да осындай өзгерістер болуы мүмкін. Ауру асқынса, жүрек-қан тамырларында тромбтардың түзілуі де мүмкін. Бұған қоса синдромға шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, демікпе пайда болады. Көбіне 1-15 жас аралығындағы балалар бұл синдромға шалдығуға бейім келеді. Синдромның туындауына тек коронавирус қана емес, кез-келген инфекциялық ауру себепші болуы мүмкін", - дейді балалар дәрігері. 

- Аурудың алдын алуға болады ма?

 - Өкінішке орай, медицинада бұл аурудың алдын алу терапиялары қарастырылмаған. Бұған қоса оны бірден емдеп, жазуға болатын ем шаралары да жоқ. Кавасаки синдромын болдырмау үшін инфекциялық аурулардың алдын алу қажет. Негізінен синдром тұмау эпидемиясы кезінде де пайда болуы мүмкін. Бұл ауру коронавирустан ғана туындайды деп ойлау қате.     

Бұл синдром кімдер үшін өте қауіпті? Ол ересектерге жұғуы мүмкін бе?

- Балалар енді өсіп, жетіліп келе жатқан кезде олардың ағзасы ауруға тез шалдығуға бейім болады. Синдром балалардан ересектерге жұқпайды, өйткені ол инфекциядан туындағанымен өзі жұқпалы ауру болып саналмайды. Синдром кезінде баланың иммундық жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Ал ол өз кезегінде ағзаның қан тамырларының қызметіне кері әсер ете бастайды. Яғни иммундық жүйенің өзі осы ауруға алып келеді

- Синдромның арты өлімге алып келетін рас па? 

- Иә, аурудың арты өлімге алып келуі де ғажап емес. Себебі тромбтардың түзілуі өте қауіпті жағдай. Бұған қоса алдында айтқанымыздай жүрек жұмысына ауыртпалық түседі.

- Коронавирусқа шалдығып емделіп шыққан балаларды күн сәулесінен қорғау керек деп жатады. Бұл туралы не айтар едіңіз?

- Баланың инфекцияға қарсы дәрілерді қабылдауы, оны станционарда оқшаулау жеткіншектің ағзасына радиация секілді әсер ететіні белгілі ғой. Жалпы тек коронавирустан ем алып шыққаннан кейін ғана емес, жалпы тұмаудан емделген соң да баланы үй режимінде бір-екі апта ұстаған дұрыс. Оның ағзасы толығымен қалпына келгенін күту қажет.      

- Аталмыш синдромды болдыртпау үшін ата-аналарға қандай кеңес берер едіңіз?

- Баланың дене қызуы көтеріліп, ауыра бастаған кезде дәрігерге көрінген жөн. Ата-аналар көп жағдайда өз бетінше баласын емдеп жатады, бұл дұрыс емес. Бірден педиатрға бару керек. Олар егер бала инфекциялық ауруға шалдыққан кезде оның бойындағы екінші созылмалы аурудың байқалуын тексеріп, ем жазып береді. Әрбір инфекция пайда болған уақытта дер кезінде емдеу керек. Тиісті анализдер тағайындалады. Сараптама нәтижесінен кейін дәрігер баланы қалай емдеу керек екенін айтады. Негізі Кавасаки синдромына шалдыққан бала станционарларда емделеді. Ем шаралары өте ұзаққа созылып кетуі де мүмкін, себебі бұл синдром өте қиын емделеді, оның қайтуы қиын.           

Естеріңізге сала кетсек, Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавлдағы коронавируспен ауырған балаларда қауіпті Кавасаки синдромы тіркелгенін хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеп, аурудың негізгі белгілерін көрсеткен еді. 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста