Қазақстанда туристер арасында танымал бес көрікті жердің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап жазды.
1. Іле Алатауы. Былтыр Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 628 мың турист келіп кетті;
2. Бурабай. 2022 жылы Көкшенің көз тоймас көрікті жерлеріне 550 мыңнан астам адам барып қайтты;
3. Көлсай көлдері. Бұл жерге шетелдік туристер де көп барады. Былтыр жалпы 190 мыңнан астам адам Көлсайды көрген.
4. Баянауыл ұлттық паркі (85 мың турист);
5. Шарын шатқалы (45 мыңнан астам турист).
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылы Қазақстанға 610 мыңнан астам шетелдік турист келген.
Бүгінде ішкі туризм көрсеткіштері де өсіп келеді.