Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу оңайлай түсті
Алматыда жүргізуші куәлігін аларда құжат жинап, қаланың әр түкпірін шарламайсыз. Енді Наркология және Психотерапия орталықтарының анықтамасы бір жерден беріледі, - деп хабарлады Алматы арнасы.
Бұл тұрғындарды сабылтпай, уақыттарын үнемдеуге септігін тигізеді. 11 шілдеден бастап қалалық Наркологиялық орталық Психикалық сауықтыру орталығына қосылды.
«Көлік жүргізу құжатын алу керек, сонымен қатар жүргізушілердің комиссиясынан өту керек. Бұрын мысалы, анықтаманы қалалық Наркологиялық орталықтан, содан соң Психикалық сауықтыру орталығынан барып алатын. Қазіргі таңда бұл анықтамалардың бәрін бір жерден алуға болады. Мысалы, Мақатаев көшесіндегі Наркологиялық орталыққа келіп, сол жерде психиатриалық анықтаманы да, наркологиялық анықтаманы да алуға болады», – деді Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар РАХМЕНШЕЕВ.