Қазақстанда жұмыссыздыққа әкелетін білім сапасының төмендігіне кім кінәлі
Қазақстанда биыл жастар арасындағы жұмыссыздар саны 84 мың адам болған. Бұл тек ресми тіркелгендер саны. Жұмыс таппай, сенделіп жүргендер әлдеқайда көп екені анық. Елді жайлаған жұмыссыздықтың себебі не? Сұранысқа қажет мамандықтарға неге жастардың қызығушылығы жоқ? Qazaqstan ұлттық арнасының тілшілері осы сұрақтарға жауап іздеп көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бексұлтан Қаналов құрылыс саласында 4-ші жыл білім алып келеді. Кірпіш қалаудан өткен қалалық жарыста бірінші орын алған. Ол болашағын осы мамандықпен байланыстырады.
"Құрылыс саласында әкем, ағаларым, әпкеерім жұмыс істейді. Солардң қасында жүріп менің қызығушылым ашылды. Өзіме құрылысшы болған ұнайды", - дейді ол.
Бексұлтанның айтуынша, әркім өз ісін сүйсе ешкім жұмыссыз қалмайды. Құрылысшы болып та өсуге болады, тек бір ғана бірақ бар.
"Бір куб қаласың мысалы 3-4 мың теңге аласың. Айлық көрсеткішпен 150-200 мың теңге аласын. Қазіргі кезде ол өте аз", - деді Бексұлтан Қаналов.
Жастар комитетінің тамыз айында жүргізген сауалнамасы бойынша болашақ маман иелерін мынадай мәселелр алаңдатады:
- жұмыссыздық
- тұрғын үй
- білім берудің жоғары құны
- сапасыз білім
- жемқорлық
"Қазақстанда 14-29 жас аралығында 3,7 млн жас бар. Бұл халық санының 21 пайызын құрайды", - деді ҚР АҚМД жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов.
Жемқорлықты қанша жазғанмен ол жойылып кетпейді, ал оқығанын тоқып, жұмс істейтін баспана ала алады. Демек, басты мәселе жұмыссыздық пен білім сапасына тіреледі.
"Шынын айтсақ, қазір білім сапасы жылдан жылға төмендеп бара жатыр. 4 жылда алған біліміңіз кейін керек емес болып қалуы мүмкін", - дейді "Smart bilim" математика орталығының директоры Аралбек Берікұлы.
Қазақстанда 129 оқу орны бар, жыл басында олардың 23-не тексеру жүргізіліп, білім стандарттарына сай келмеген 2 университет жабылды. Мамандар сондай-ақ заңгер, экономист, есепші сияқты болашақта керек болмайтын мамандықтарды тізімнен алып тастау керек екенін атап өтті.
"Бұл мамандықтар, зерттеулерге сүйенсек, 10-15 жылда керек емес болып қалады. Университеттер неге оны алып тастамай жатыр, өйткені ешкім жаңа бірнәрсе жасағысы келмейді. Үйреншікті заттар бар, ақша келіп жатыр деген нәрсе", - дейді "Smart bilim" математика орталығының директоры Аралбек Берікұлы.
Кейбір мамандар баланы кәсіптік немесе техникалық оқу орнына берген дұрыс дейді.
"Мектептен бастап кәсіптік бағдар беріп бастау керек, көрсету керек, тест тапсырғызу керек. Баланың қандай кәсіпке икемі, қызығушылығы бар, қандай кәсіппен айналыса алады байқау керек", - деді "Talap" КЕАҚ вице-президенті Ермек Күзенбаев.
Тағы бір мәселе, биыл 163 589 студент диплом алған. Оның қаншасы жұмысқа орналасқаны белгісіз. Университеттер студенттерден жұмысқа орналасты деген анықтама әкелуді талап етеді. Себебі, ЖОО өзін бітірген студенттердің 50 пайызын жұмысқа орналастыруы керек деген норма енгізілген. Университет министрлікке есеп беру үшін анықтаманы сұратады екен.
"Біз де алдымызға әкелген бір парақ қағазға қарап, "мынау жұмысқа тұрыпты ғой" деп қарай қоймаймыз. Ол баланың зейнетақы жинағын да қарай аламыз. Анықтаманы жекеменшік компанияның мөрін басып та әкеле салуға болады ғой", - деді
Былтыр 150 645 студен ЖОО-ны 90 мамандық бойынша бітіріп, соның 74,4 пайызы жұмысқа орналасқан көрінеді, яғни 112 080 адам адам. Осы ретте қалған 38565 жас маман қайде деген сұрақ туындайды.
"Ең үлкен қателік жаңа министр келеді де өзінің жаңа реформасын ұсынады. Осыдан бәрі шатасады. Көбі бизнес жасады", - деді
Қазақстанда білім жүйесі мен еңбек нарығының арасындағы байланыс әлсіз. Цифрландыру заманында ІТ-мамандарына сұраныс көп болса да, елде ол да дұрыс жолға қойылмаған сынды.
"Интернетсіз адамдар жүре алмайды, сондықтан жүйелік әкімшілік керек, сайт жасайтын адамдар да қажет, бизнестерге керек", - дейді
Бекзат компьютерлерге, ұялы телефондарға бағдарлама жасайтын маман. Оның айтуынша, ІТ саласында табысың тез өседі.
"Бізге қағаздың қажеті жоқ, тек білім қажет. Егер білімің бар олса, онда сен бағдарламаны істей аласың", - деді
Қазір сұранысқа ие 100 мамндықтың көшін бастап тұрғандар мыналар:
- ІТ саласы
- ақпараттық қамтамасыз ету инженері
- электроника саласы
- өндіріс технологияларының инженері
- архитекторлар
- құрылыс саласының мамандары
- сантехник
- тігінші
Сондай-ақ, биыл мұғалімдер мен дәрігерлерге де сұраныс артқан.
"Қазіргі кезде ең қажетті мамандар бірінше автоматтандыру саламында, екінші жалпы жұмысшылар, мысалы дәнекерлеуші, құрылысшы, сонымен қатар қызмет көрсету саласында, қарапайым даяршы, бармен, аспаз, наубайшы", - деді
Статистикаға сәйкес, биыл жастар арасындағы жұмыссыздар саны 84 мың адам болған. Былтырмен салыстырғанда 3 мың адамға көп. Бірақ бұл тек ресми тіркелгендердің ғана саны.
"5000-нан аса жаңа бизнесті ашқан жас кәсіпкерлер пайда болды. Әрбір бизнесті ашқан сайын жұмысқа адамдар алады. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама ғана емес бизнсе секторы, жеке секторды алуымыз керек", - деді ҚР АҚМД жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов.
Айта кетерлік жайт, елімізде 500-ден астам жастар ұйымы бар. Олардың міндеті не?
"Көктем-күз аралығында жастарымыз жұмыспен қамтылады. Олар әртүрлі бағытта жұмыс істейді. Жыл сайын 18 мыңнан аса жасты жұмыспен қамтимыз", - деді "Қазақстан жастар конгресі" атқарушы директорының орынбасары Азамат Данияр.