Қазақстанда жасалған ғарыш боты дүниежүзілік олимпиададан жүлде алды

Қазақстанда жасалған ғарыш боты дүниежүзілік олимпиададан жүлде алды

Ғарыштық станцияға арнап робот жасап шығарған Назарбаев зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы Сочиде өткен Бүкіләлемдік олимпиаданың 24 жүлделі орнының біріне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дүниежүзілік робот техникасы байқауы немесе World Robot Olympiad (WRO) қарашаның 21-23 аралығында өтті. Оған әлемнің 47 елінің өкілі қатысты. Барлығы 379 команда болды.

Қазақстаннан ол байқауға республикалық жарыстардың жеңімпаздары болған 27 бала қатысты. Олардың жол сапарын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" АББҰ ұйымдастырды. Үшінші жүлделі орынға Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ие болды. Топ мүшесінің айтуына қарағанда робот техникасынан білім беретін Николай Авдюнин мен оның шәкірті, сегізінші сынып оқушысы 14 жастағы Ратмир Сартбаев және тоғызыншы сынып оқушысы 15 жастағы Бек Талғат ғарыш кеңістігінде еркін қозғала алатын робот құрастырған. Оны Күн қуатын алу үшін қажетті фотоэлементтерді жөнелту кезінде қолдануға болады.

 

Айта кетейік, робот техникаларының әлемдік байқауында жеңімпаз атанған топ бұған дейін Қазақстанда Гран-приге ие болған. Оқушылар Сочиде өз жобаларын ағылшын тілінде таныстырған. "Роботтың алты жарық тетігі бар. Ол секунд сайын ғарыш станциясының жағдайын бақылап тұрады. Себебі оған жылдам айналмалы диск орнатылған. Белдік сызық айналып, еңкейген сайын дискқа әсер етеді. Гироскоп әдісі қолданылғандықтан станция салмағына қарамастан ол еркін қозғалады", - дейді Авдюнин. Маманның айтуынша, роботтың ені 1,7, ал биіктігі 1 метрді құрайды. Негізінен шын робот бұдан үш есе үлкен болуы тиіс, дейді жоба авторлары. Салмағы 150 килограмм шамасында болуы керек екен.

Бұдан өзге тағы бір қазақстандық топ әділ қазылардың назарына іліккен. Петропавлдың Қазақ-Түрік лицейінің оныншы сынып оқушысы Диана Каримова мен "Қазақ мектеп-гимназиясының" он бірінші сынып оқушысы Олжас Қиянат құрған топ, сонымен қатар Челябинск пен Новосібірден келген оқушылар "Ең өзекті жоба" атты арнайы жүлдеге ие болды. Олардың жобасы "Жарық күші" деп аталды. Жұмыстың мақсаты-2030 жылы жермен қақтығысуы ықтимал кометаны жою. "Робот оның беткі қабатын ақ түске бояйды. Нәтижесінде әсер еткен күштің ықпалымен ұшу траекториясын өзгертеді", - дейді Петропавлда робот техникасы үйірмесін ашқан, топ жетекшісі Данияр Уәлиев. Оның айтуынша оқушылар бұл роботты жасап шығару үшін ғаламтордың көмегімен өзге қалалардағы әріптестерімен бірігіп жұмыс істеген.

Робот техникаларының Дүниежүзілік World Robot Olympiad байқауы бірнеше кезеңмен онмыңдаған баланы таңдап алады. Байқау жыл сайын ұйымдастырылады. Ресейде өткен WRO-2014 тақырыбы "Роботтар мен ғарыш" деп аталды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста