Қазақстанда туыстар бір мемлекеттік органда жұмыс істей алмайды
ҚР cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Бектенов Олжас Абайұлы онлайн брифинг барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін мемлекеттік органдарда жасалатын бірқатар шараларға тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Бектенов заң бойынша мемлекеттік органдарда туыстық қарым-қатынасы бар адамдардың жұмыс жасау ережелерімен бөлісті.
"Жемқолықты болдырмау заңы бойынша, туыстық қатынасы бар тұлғалар мемлекеттік мекемеде бір-бірінің қарамағында жұмыс жасай алмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке үміткер адамның туысы немесе күйеуі және әйелі сол мекемеде жұмыс істейтін болса, алдын ала ресми түрде басшылыққа хат жазып, ескерту жасауы керек", - дейді 
 Осылайша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық мәселесі бір сатыға азаймақ.