Қазақстанда сайлауға түсіп жатқан партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына шолу

Қазақстанда сайлауға түсіп жатқан партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына шолу

Елімізде парламент мәжілісі мен мәслихаттығының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихатының кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттар мен партиялардың насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Stan.kz ақпарат агенттігі партиялардың насихат науқаны қалай өтіп жатқанын шолып шықты. 
"AMANAT" партиясы

"AMANAT" партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелеріні Шымкент қаласына келді. Штаб мүшелері қаладағы бизнес-қауымдастық өкілдерімен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін талқылады.
"AMANAT" төрағасы Ерлан Қошанов партия ШОБ үшін елде бизнес жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуді жалғастыратынын атап өтті.

"Біз жеке бастамалар мен нарықтық экономиканың күшіне сенеміз. Партия заңнама деңгейінде экономикадағы монополияны жоюға және адал бәсекелестікті дамытуға қол жеткізеді. 2027 жылға дейін біз кем дегенде 15 мың артық реттеуші кедергіні жоямыз", - деді Қошанов.

Оның айтуынша, "AMANAT" машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте жүздеген жаңа кәсіпорындар құруға ықпал етеді, онда жыл сайын кемінде 40 мың сапалы, жоғары жалақы төленетін жұмыс орны ашылады.

Штаб мүшелері "Асар" шағын ауданының тұрғындарымен инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үйге қолжетімділікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Партия сайлауалды уәделерін орындау аясында Шымкентте 5,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 67,4%-дан 85%-ға дейін көбейту, аулаларда 100 ашық спорт алаңын салу және көшелерді жарықтандыру мәселесін толығымен шешу жоспарлануда.

Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері 17 күн ішінде аманаттықтар 1 871 300 қазақстандық қатысқан, 19 000 іс-шара өткізді.

Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сайлаушылардың 14 700-ден астам ұсыныс-пікірі келіп түскен.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы

"Ауыл" партиясынан түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидат Асқар Болатбек, Алия Аяпбергенова, Досбол Мейірбек, Байқоңыр Сейдалин, Гүлназ Омарова, Балтабек Жоламанұлы Ұлытау облысының шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Кандидаттардың шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және ауылдық мәдениет үйлерінің қызметкерлерімен кездесуі "Ұлытау ұлт ұйытқысы" тақырыбында өтті. Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қатысушылармен ауылдағы мәдениет саласына қажет қолдау туралы сөз қозғады.

"Біздің сайлауалды бағдарламамызда ауылдық аумақтарды жақсартуға қажет барлық аспекті ескерілген. Қазіргі танда ауыл мен қала арасында бірден көзге ұратын әлеуметтік теңсіздік бар. Ол экономиканың нақты секторына және ауылдың демографиялық әлеуетіне зиян келтіретін қайтымсыз урбанизация үдерісін бастады. Ауыл тұрғыны, әсіресе әйелдер мен жастар үшін қалаға бару "барса келмеске" айналды.  Сондықтан, "Ауыл" партиясы ауыл мен қала арасындағы қызмет сапасының айырмашылығын айтарлықтай қысқартуды көздейді. Қала тұрғынына берілген барлық жағдай мен жайлылық ауыл тұрғынында да болуы тиіс", – деді Досбол Мейірбек кездесуге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде.

"Respublica" партиясы

Партия өкілдерінің Павлодар облысында сайлауалды туры 18 мыңнан астам өнім ассортименті бар кабель және сым өнімдерін шығаратын отандық ірі өндіруші "Қазэнергокабель" АҚ еңбек ұжымымен кездесуден басталды.
Мәжіліс депутаттығына кандидат Дамир Суентаев Павлодарда сөйлеген сөзінде қазақстандықтардың саяси санасының жетілгені маңызды екенін атап өтті.

"Дауыс беру құқығына ие болу ғана емес, оны жариялау мүмкіндігін пайдалану керек!  Адал сайлау үшін әрбір қазақстандықтың дауысы аса маңызды!  Сайлау халықтық ықпал етудің ең тиімді тұтқасы екенін әрқайсымыз түсінгеніміз жөн!", - деді Д.Сүйентаев.

Мұндағы халықпен өткен ауқымды кездесуге 3 000-нан астам адам келген.

Қазақстан Халық партиясы

Ақтау қаласы 34 шағын аудандағы "Достық" үйінде Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Зейноллаұлы Асылбековтың сайлауалды жиналыс болды.

Жиынға қала тұрғындары қатысып, партияның бағдарламасымен танысты. Асхат Зейноллаұлы өз кезегінде халыққа Халық партиясының алға қойған мақсаттары мен атқаратын жұмыстары туралы кеңінен мәлімет берген.

"Baytaq" Жасылдар партиясы

"Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы және Астана қаласының 2-ші округінен Мәжіліс депутаттығына кандидат Азаматхан Амиртаев "Асем Тас" тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Азаматхан Амиртаев кезекті кездесуді аталған кешен тұрғындары үшін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен инженерлік желілердің қолжетімділігінің маңыздылығына тоқталудан бастады. Ол бұл мәселелер "Байтақ" партиясы үшін басым бағыттың бірі екенін және түйіні тарқамаған түйткілдерді шешу жолында аянбай жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

"Ақ жол" партиясы

"Ақ жол" демпартиясының сайлауалды штабы ел аумағы бойынша халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін белсенді түрде жалғастыруда. 700-ден астам партия кандидаттары қала, облыс, аудандар мен шалғай ауылдарда кездесулер өткізуде.

"Ақ жол" республикалық штабының мүшелері Қостанай қаласына келді. Партия лидері Азат Перуашев, "Ақ жол" ҚДП Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жұтаев және Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар "Beef Export Group" ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын етті қайта өңдеу, консервілеу және сатумен айналысады. Сайлау штабының мүшелері кәсіпорынның жұмысымен, өнімдерімен танысты.

Партия көшбасшысы 3 наурызда "Ақ жол" демпартиясы 8 жылдан бері талап етіп келген жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның күшіне енгенін еске салды. Президент Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасынан кейін ғана іс алға жылжыды.

Кездесу ашық әрі еркін пікіралмасу түрінде өтті.

Азат Перуашев ет комбинатының ұжымына алғыс білдіріп, баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған салаларды атады. Компанияның бірнеше қызметкеріне "Ақ жол" демократиялық партиясының партбилеттері табысталды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат Валерий Смоквин мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жанғали Ілияс "Көкшетау минералды сулары" АҚ еңбек ұжымымен кездесті.

Іс-шара барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндады.

Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған ұсыныстар сайлаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста