Қазақстанда пилотсыз ұшақтар шығарылады

Қазақстанда пилотсыз ұшақтар шығарылады

Елiмiзде пилотсыз басқарылатын ұшақ жасау қолға алынатын болды. Жуырда Алматыда пилотсыз авиация саласында әуе құрылысының ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк мүмкiндiктерiн арттырудың 2009-2020 жылдарға арналған мақсатты бағдарламасының тұсауы кесiлдi.
Инновациялық бағдарламаның алғашқы кезеңiнде (2009-2010) Қазақстанда әуе кешендерiн жасауға қажеттi құрастырушы өндiрiстер ұйымдастыру жөнiнде Ресеймен бiрлескен жұмыс iске асырылады. 2011-2015 жылдар аралығына пилотсыз ұшақ үлгiлерiн жасау жөнiнде ғылыми-зерттеу жүргiзу мен радиоэлектронды жабдық өндiру базасын құру жоспарланып отыр. Бағдарламаны iске асырудың үшiншi кезеңiнде (2016-2020) елiмiзде мамандандырылған көпсалалы институттар мен басқа да кәсiпорындардан тұратын кооперация құру қолға алынып, отандық және шетелдiк нарық сұранысы негiзiнде тұрақты түрде пилотсыз әуе кешендерiн шығару жолға қойылуы тиiс.
Пилотсыз ұшу аппараттары түрлi ақпарат алудың бiрден бiр жолы болып саналады. Оны қазiр АҚШ, Израиль, Франция, Ұлыбритания, Ресей сияқты әлемнiң 49 мемлекетi әскери және азаматтық мақсатқа пайдаланып отыр. Ресми мәлiмет бойынша, мұндай кешендердiң 789 түрi бар. Компьютерлiк қондырғының көмегiмен өзiн-өзi басқаратын әуе техникаларын мемлекеттiк шекараны күзетуге, террорлық әрекеттер мен төтенше жағдайлардан қорғануға, табиғи апат салдарын жоюға қолдануға болады. Жаңа заман кешендерiн елiмiзде шығару үшiн құрамына бiрнеше компания енетiн серiктестiк ұйым құрылды. Әуе құрылысын инновациялық бағытта дамытуға жол ашатын арнайы бағдарлама Елбасының тапсырмасына сәйкес жасалған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста