«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 44793 әскери бөлімі қосалқы командалық пунктінің байланыс батальоны 2015 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес тактикалық-арнайы оқу-жаттығуды өткізу үшін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесінің біріне келтірілді.
Байланысшы әскери қызметшілер оқу-жаттығуды өткізу барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командалық пунктін байланыстың барлық түрімен қамтамасыз ету үшін далалық торапты өрістетті.
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында құрастырылуы Петропавл қаласында жүзеге асырылған қазақстандық өндірістің жаңа байланыс құралдары, яғни, радиостанциялар пайдаланылды.
Сонымен қатар әскери байланысшылар оқу-жаттығуды өткізу орнында онлайн режімінде деректерді тарату мүмкіндігі бар байланыс құралдарын қолданды. Сондай-ақ бұл байланыс құралдары бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұл оқу-жаттығу байланыстың телеграфтық, телефондық, радио байланысымен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда қажетті практикалық дағды мен жоғары жауынгерлік машықты арттыруға мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ жаңа технологиялар қолданылды, жерсеріктер арқылы осы байланысты жүзеге асыратын ғарыштық байланыс станциясы.
Әскери қызметшілердің жеке құрамы батальонға қойылған тапсырмаларды орындауға мүкміндік берген жоғары далалық дағдыны көрсетті. Барлығы оқу-жаттығуға 200-ден астам әскери қызметші мен 50-ден аса бірлік техника тартылды. Байланыс бойынша мұндай кешенді жаттықтыру жыл сайын жылына бір рет өткізіліп тұрады.
Қазақстанда өндірілген жаңа байланыс құралдары әскери байланысшылардың оқу-жаттығуында қолданылды
Последние статьи автора