Бір түн ішінде елде коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңадан жұқтырған науқастардың барлығы Қызылорда облысының тұрғындары.
Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда анықталған науқстардың саны 697 адамды құрайды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 32 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 66 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 3 адам.