Қазақстанда электр желілерінің 64% тозған

Республика бойынша электр желілерінің 64 % тозған. Кейбір облыстарда 1970-1980 жылдардағы ескі тозығы шыққан электр бағанасы әлі күнге дейін қолданыста. Осы және өзге де себептерге байланысты онлайн режимде білім алу немесе жұмыс істеу мүмкін емес, дейді Мәжіліс депутаты.

 «Электр желілерінің тозу үлесі ең жоғары облыстар: ШҚО - 81%, БҚО - 80%, Қостанай - 74% , Маңғыстау - 72%, Қарағанды - 71%, Алматы - 69%, Жамбыл - 69%, Қызылорда облысы - 66%.  2020 жылғы жағдай бойынша республикада иесіз қалған электр желілерінің ұзындығы - 225 шақырым, трансформаторлар саны - 98.            

Аталған кемшілік салдарынан кейбір өңірлерде электр қуаты жиі өшеді, бірқатар қалалар мен аудандар, ауылдар бір-екі күндеп жарықсыз қалады. Сонымен қоса, кейбір облыстарда электр қуатының таралу сапасыздығы 220 вт-тан 170-180 вт-қа түсіп, электр техникалары істен шығуда. 

Пандемияға байланысты қашықтықтан оқу тәсіліне көшкен оқушылар, студенттер интернетсіз отыр. Олардың үлгерімі де нашарлайды», - деді депутат Фахриддин Қаратаев. 
Аталған жайттарға себеп болған мемлекеттік балансқа өтпеген трансформаторлар мен электр желілері мәселесі де көтерілді. 

«Кеше ғана елордамыздың өзінде 2021 жылдың 30 қаңтар күні «Сол жағалау» қосалқы станциясының 407 нөмірлі 10 кВ ұяшығы аппаттық жағдайда болып, Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында орналасқан бірнеше тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды. Салдарынан апатқа себеп болған электр тарату желілері болып шықты», - деді депутат. 
2020 жылдың соңына дейін иесіз электр желісі және трансформаторды жергілікті табиғи монополия субъектілеріне беру жоспарланғанымен, ол орындалмаған.

Депутаттар пандемия коронавирусы өршіп тұрған кезеңде тозығы жеткен электр желілерді жаңарту және иесіз қалған трансформаторларды мемлекеттік балансына өтуі қажеттігін атап өтті.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста