Қазақстанда дін қызметкерлері үшін шапанның жаңа үлгісі бекітілді (ФОТО)
Дін қызметкерлері үшін жаңа шапан үлгісі әзірленді. Киім сапалы және жаңа сән үлгісімен жасалынған.
Бірнеше жылдан бері діндарларымыз жазда жағасы мен жиектері оюланған ақ шапан киетін. Ал, қыста киетіні - жағасының түсі қара барқыт шапан. Оның бәрі бір ательеде тігілмегендіктен, ақ деген түсінің өзі әркелкі, қарасы да тап солай болатын. Осының нәтижесінде ұлттық нақыштағы ою-өрнектерімен де, түсімен де бір-бірінен ерекшеленді. Осы әр түрлі киім үлгілерін бір ізге түсіру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде екі түрлі шапан үлгісі қаралып, талқыланып бекітілді, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Біріншісі (1-сурет) Діни басқарманың бөлім басшылары, облыстардағы, өңірлердегі өкіл имамдар киетін шапанның жаңа үлгісі. Ол шапан үлгісінің нөмірі: 17-15; түсі – сүт түсті, кестелері күміс түсті; алдыңғы жиегі күміс түсті парчамен (аппликация) және жаны ою өрнекпен кестеленген; жағасы сырылып тігіліп, жиегіне сарғыш жылтыр мата жүргізілген; астары сүт түсті жұқа мата.
Ал, екіншісі жалпы еліміздің имамдары киетін шапан. Оның сипаты мынадай: Шапан үлгісінің нөмір - 16-15; түсі – сүт түсті, кестелері күміс түсті; алдыңғы жағына кестелі жиек жүргізілген және жиегі ою-өрнекпен кестеленген; жағасы сырылып тігілген; астары сүт түсті жұқа мата.
Нәтижесінде дін қызметкерлеріне арналып тігілген шапан үлгілері төралқада мақұлданып, бір ауыздан бекітілді. Енді осы киім үлгілері қолданысқа енетін болады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу