Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы SIM-карталары енгізілуі мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мәжіліс кулуарында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты. Сөзінше балалар SIM-картасы ата-аналардың тікелей бақылауында болады. Әрі мұндай SIM-картаны ата-аналардың телефондарына байланыстыру керек деп отыр.
"Біз бұл жүйені енгізуді ұсынамыз. Бұл баланы бақылау. Яғни балаңыз қандай сайттарға кіреді, қандай әлеуметтік желілерде отырады дегенді тікелей көре аласыз. Сонымен қатар уақытты шектеу мүмкіндігі деп бар. Біз министрлік тарапынан балалардың қауіпсіздігі үшін осыны ұсынамыз”, - деді вице-министр.