Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік жартысында ауа-райының күрт өзгеруі байқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің айтуынша, ауа температурасы күрт төмендейді. Кейбір аймақтарда қар жауады деп күтіледі.
"Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады. 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарда Скандинавия түбегінің аймақтарынан салқын антициклонның енуімен жаңбыр қарға айналады, ауа температурасы түнде 5-12 аязға дейін төмендейді, сондай-ақ қар жауады деп күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік жартысында найзағай болады", - дейді синоптиктер.