Алдағы үш күнде Қазақстанның көп бөлігінде күн құбылып тұрады. Ұйытқыған жел жауын-шашынды, қар мен жаңбырды айдап өтеді, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жаяу бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, 11-12 наурызда елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, республиканың шығысында 12-13 наурызда қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болуы мүмкін, Қазақстанның оңтүстік-шығысында 12-13 наурызда нөсер жауын жауады. Елдің барлық бөлігінде тұман түсіп, солтүстік бөлігінде көктайғақ болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды.
Ауа температурасы: елдің батыс облыстарында түнде – 0-10 градус жылы ауа райынан -2-8 градусқа дейін құбылса, күндіз 3-15-тен 7-18 градус аралығында жылы болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталық пен шығысында түнде 0-12-ден 3-15 градусқа дейін төмендесе, күндіз минус 3- плюс 10-нан, минус 5- плюс 3-ке дейін суытады. Оңтүстікте түнде минус 3-плюс 10 болса, күндіз 10-20 градусқа дейін жылиды. Оңтүстік-шығыста түнде 0-8 болса, күндіз де 2-18 аралығында жылы болады.