Қазақстанда 15-17 маусым аралығында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп.
Cиноптиктер кей өңірлерде жауын-шашын жүріп өтенін, дауыл соғатынын, соған қарамастан ауа температурасы жоғары болатынын хабарлайды.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл тұрады.
Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте 30-35 градусқа дейін, елдің орталығында, шығысы мен оңтүстік-шығысында 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтілуде", - дейді синоптиктер.