Синоптиктер Қазақстанда 22-24 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына Қара теңіз аймағынан келетін циклон әсер етеді. Ол батыстан шығысқа қарай жылжып, жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) және тұман тудырады; оңтүстік облыстарда – найзағай және құмды дауыл.