Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгерді

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жастан 60,5 жасқа өсті. Бұл жайлы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңында жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заңның 11-бабында әйелдерге зейнетақының 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60,5 жаста тағайындалатыны көрсетілген. 

2018 жылдан бері Қазақстанда зейнетке шығу жасы өсіп келеді. Бұл 2027 жылы зейнет жасы 63 жасқа жеткенге дейін жалғаспақ.

1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында радиациялық қауіпті аймақтарда 5 жылдан кем емес уақыт тұрған әйелдер 45 жастан бастап зейнетке шыға алады. 

Сонымен қатар бес және одан көп бала туған (асырап алған) әйелдер 53 жаста зейнетке шығуға құқылы. 

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2022 жылы 2,3 миллионға жуық зейнеткердің зейнетақысы 7 пайызға, ал базалық зейнетақы төлемдері 5 пайызға өспек. 

Заңда көрсетілгендей, елімізде ерлердің зейнетке шығу жасы 63 жас деп белгіленген. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста