Қазақстанда аязды ауа райы күтіледі
Республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Тек солтүстік аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстік-шығыста жел сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, батыста-көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі,
Синоптиктердің болжауынша, Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.