Қазақстанда 7 мамырдағы мерекелік шаралар қалай өтеді?

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған шеру болмайды. Ал Отан қорғаушылар күніне арналған шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамович айтты.

Ол мерекеге орай қалалар мен өңірлерде шағын шерулер ұйымдастырыла ма деген сұраққа жауап берді.

 
«Әрине, Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Яғни, іс-шаралар негізінен онлайн форматта өтеді. Оған қоса біздің «Жас сарбаз» қозғалысы бірқатар шаралар жоспарлап отыр. Жас патриоттар да Қарулы Күштердің ардагерлерін құттықтайды. Әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайы (қызыл, сары, жасыл аймақтар) мүмкіндік берсе, тиісті салтанатты жиналыстар өткізіліп, ардагерлер әскери бөлімдерге шақырылады, онда қызмет ету тәжірибесі туралы айтады. Негізгі ұйымдастырылатын іс-шаралар осы», – деді Виталий Адамович.
 
Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі мерекелік іс-шаралар әлеуметтік желілерден көрсетіле ме және оларды қазақстандықтар көре ала ма деген сұраққа да жауап берді.

«7 мамыр және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – барлық қазақстандықтар үшін айтулы күндер. Әрине, біз республикалық телеарналарда да, Қорғаныс министрлігінің Youtube-арнасында да, «Жас сарбаз» қозғалысының Youtube-арнасында және басқа да әлеуметтік желілерде бірқатар көрсетілім жоспарладық. Біз Қарулы Күштердің ардагерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету үшін өткізілетін барлық шараларды көрсетуге тырысамыз», – деді Виталий Адамович.

Айта кетейік, қазақстандықтар 7 мамырда сағат 15.30-да «Хабар» телеарнасынан көрсетілетін мерекелік бағдарламаны тамашалай алады.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста