Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша 34 блокбекет қойылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Министрлік бұрынғы режимде елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау органдарына шектеу шараларының сақталуына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда жекелеген өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің шешімдері негізінде 15 блокбекет қойылды. Алматы облысында - 9, Қостанай облысында - 4, Ақтөбе облысында - 2 және Атырау облысында 4 блокбекет бар. Карантин іс-шараларына 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылды. 290 карантин нысанын қоршалды", - деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.