Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 13 маусымдағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сары" аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.