Қазақстан халқының саны көбейіп, 18 767 500 адамға жетті.
Статистика комитетінің мәліметінше, биыл 1 тамызда Қазақстандағы халық саны 18767,5 мың адамға жеткен.
Оның ішінде қала халқының саны – 11049,0 мың (58,9%), ауылда тұратындар – 7718,5 мың адам (41,1%).
Былтырғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 238,6 мың адамға немесе 1,3% көбейген.
Халық санының көбеюі: Алматы (64,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (52,0 мың адам), Шымкент (30,6 мың адам) қалаларында байқалады.