Қазақстан үздік 50 елдің қатарына ене алмады
Еліміз судың сапасы бойынша әлем елдерінің рейтингінде 54-орында тұр.
Еnergyprom.kz-тің хабарлауынша, Қазақстанға жеткізіліп отырған ауызсудың көлемі 1 пайызға, ал ішуге жарамсыз судың көлемі керісінше, бір жылда 2 пайызға өскен. Әлемде ішуге жарамды судың рейтингі бойынша Қазақстан 179 орынның ішінде 54-орында тұр, деп хабарлайды Айқын газеті.
Қазақстанда ауызсу сапасының индексі 100-ден 55,8 көрсеткішті көрсеткен.
Айта кетейік, рейтингте бірінші орынды көрсеткіштері жоғары 10 ел алған: Австрия, Финляндия, Грекия, Исландия, Ирландия, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания.
Айта кетейік, жуырда ғана Үкімет басшысы 2025 жылға қарай Қазақстан халқы толықтай таза суға қол жеткізеді деген болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу