Қытай халқының Жаңа жыл мейрамы Шағанға байланысты Қазақстан-Қытай шекарасының өткізу бекеті уақытша жабылды. «Шекарадағы өткізу пункттерінің барлығы мерекеге байланысты жабылды»,-деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің кезекшісі. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы консулдық бөлімі де 2017 жылдың 27 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында жұмыс істемейді. Биыл Қытайдың Жаңа жылы 28 қаңтарға қараған түні басталды. Шығыс күнтізбесі бойынша Қытай жаңа жылының белгілі бір белгіленген күні жоқ, сондықтан әр жылда әр күндері тойланады. Жаңа жылды қытайлар айға қарап біледі, яғни, жылдың алғашқы айындағы бірінші толған ай түні Қытай халқының Жаңа жылы басталады. Және де бұл елдегі жаңа жыл он бес күнге жалғасады. Айта кететін болсақ, Қытай мен Қазақстан арасында Қорғас және Достық кеден бекеттері орналасқан.
Қазақстан-Қытай шекарасы қай күндері жабық болады?
Последние статьи автора