Қазақстан мен Испанияның да ортақ тарихы бар

Қазақстан мен Испанияның да ортақ тарихы бар

Кеше Елордаға Испания Корольдігінің Премьер-министрі Мариано Рахой ресми сапармен келіп кетті. Қазақ жеріне алғаш рет аяқ басқан мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада қабылдап, екіжақты келіссөздер жүргізді, қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Мей­ман­ды қабылдаған Мемлекет басшысы испан халқының тарихына қатысы бар құнды мұрағат құжаттарын да беріп жіберген болатын. Өз кезегінде Мариано Рахой мырза Испанияның қазіргі патшасы Хуан Карлостың өз қолымен Елбасыға жазған хатын тапсырды.
Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстан мен Испания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 20 жылдан астам уақыт болды. Басқа- басқа, Тәуелсіздіктен бері Еуропа елдерінің арасында Испания Корольдігінің Қазақстанға ниеті түзу болды, сәтті байланыстар да түзілді. Бұған, ең алдымен, Елбасы Н.Назарбаев пен Испания королі Хуан Карлос ара­сын­дағы өзара достық пен ілтипаттылық сеп болса керек. Соның арқасында екі ел арасында ынтымақ­тас­тық жанданатын шаралар атқарылып, сауда-эконо­микалық байланыстар жандана түсті. Еуропа құрлығында болып жатқан қазіргі қаржы дағдарысына қарамастан, Қазақстан мен Испанияның сауда-сатты­ғы да жыл санап өсіп келеді. Мәселен, өткен жылы оның көлемі 996 млн доллар болса, биыл жарты жылдың өзінде ол 2,4 есе ұлғайып, 1,03 млрд-қа жетті. Қазақстанда 70-ке жуық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішінде «Максам», «Индра», «Репсол», «Тальго» және т.б. бар.
Испан елі Қазақстанға халықаралық ұйымдар аясында да жан-жақты қолдау білдіріп отырады. Пре­мьер-министрді қабылдаған Президент Н.Назарбаев осы мәсе­ле­ні ерекше атап өтті. «Сіздердің елдеріңіз ЕХРО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізуге арналған шешуші тұста біздің өтінімімізге көп қолдау көрсетті. Бұған қоса, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тура­лы шешімнің Мадридте қабылданғанының да сим­вол­дық мәні зор», – деді Мемлекет басшысы. Әлбетте, оған екі ел басшыларының жоғарыда біз айтқан дос­тық байланыстары да өз септігін тигізген. Мұны одан әрі нақтылай түсетін бір жайт, бұл жолы да Испания ко­ролі Хуан Карлос төсек тартып, емханаға таңылып жатқанына қарамастан, Н.Назарбаевқа өз қолымен хат жазып жіберіпті.

Жүздесуде Мариано Рахой сол хатты ресми түрде табыстады. Ал Қазақстан Пре­зи­денті өз кезегінде Екінші дүниежүзілік со­ғыс жылдары Қарағанды қаласында ең­бекпен түзеу лагерінде болған испандық аза­маттарға қатысты Мемлекеттік мұра­ғат­тан табылған тарихи құжаттардың кө­шірмесін табыс етті.
Ал жоғары деңгейде өткен келіс­сөз­дер­ге келсек, оның нәтижесінде ҚР Мем­ле­кеттік басқару академиясы мен Испания Ко­рольдігі Мемлекеттік басқару ұлттық ин­ституты арасындағы өзара түсіністік ту­ралы меморандумға, сондай-ақ «Қа­зақстан теміржолы» ұлттық компаниясы мен «Патентес Тальго» кәсіпорны ара­сындағы қалааралық пойыздарды шығару ту­ралы келісімшартқа қол қойылды. Бұдан басқа, Қазақстан мен Испанияның кәсіп­керлері қатысқан бизнес форумда бас-аяғы 7-8 құжат рәсімделді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті:
– Біз Испания үкіметі төрағасының сапарын Қазақстан-Испания қарым-қатынастарының қарқынды дамуының белгісі ретінде қарастырамыз. Олар негізгі іргетасы 2009 жылы қол қойылған Стра­тегиялық серіктестік туралы шарт болып та­былатын берік құқықтық базаға не­гіз­делген. Кездесу барысында біз Қазақстан мен Испания арасындағы саяси-эконо­ми­калық, әлеуметтік және мәдени-гума­ни­тар­лық байланыстарды одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқыладық. Сондай-ақ Сирия мен Таяу Шығыстағы ахуалды, Иранның ядролық проблемасын, Ауғанстаннан 2014 жылы халықаралық коалиция күштерінің шығарылуы контек­сіндегі осы елдің жағдайын қарастырдық. Сауда-экономикалық қарым-қатынастар мен инвестициялық ынтымақтастық әле­уетін кеңейте түсу қажеттігіне бөлек назар ау­дарылды. Қазақстан аумағында озық өндіріс құруға және жаңа технологияға көшуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру біз үшін ерекше маңызға ие. Көлік және көліктік инфрақұрылымдар, өнеркәсіп, жаңартылатын энергетика салаларындағы одан арғы өзара іс-қимылдың да зор келешегі бар.

Мариано РАХОЙ, Испания Корольдігінің үкімет басшысы:
– Қазақстан – даму әлеуеті орасан, сыртқы саясаты үйлесім тапқан, халық­аралық аренада оң имиджі қалыптасқан ел. Бұл – Еуропалық одақ үшін өте ма­ңыз­ды серіктес және Орталық Азия өңірінде көш­басшы. Сіздердің елдеріңіз өңірдегі тұрақ­тылық пен даму факторы көздерінің қыз­метін атқарады. Испания сіздердің сын­дарлы және ашық сыртқы саясатта­ры­ңызды бағалай біледі және біз елдеріңіздің халық­аралық беделін нығайтуға көмек көрсетуге дайынбыз. Қазақстанда бала­малы энергетиканы дамытуға зор мән бе­рілуде. Осы орайда, негізгі тақырыбы «Бо­лашақ энергетикасы» болып табылатын EXPO-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу – бұл бағыттағы маңызды қадам. Біз көрме өткізуде сәттілік тілейміз. Біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық мәнге ие және біз ынтымақ­тас­тықтың жоғары қарқынын одан әрі нығайтуды қалаймыз. Бірқатар келісім­дерді қабылдау және шарттарға қол қою екі ел арасындағы гуманитарлық, көлік және әскери-техникалық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды жандандыруға септігін тигізеді деп сенемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста