Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауында еліміздегі шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ерекше назар аудару керек екендігін атап өткен болатын. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отаным – бақыт мекенім» айдарымен шағын қалалардың тұрғындарының рухани сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың гастрольдік сапарларының жоспарын әзірледі.
«Отаным – бақыт мекенім» жобасы мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тұрғындарға Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы басты бағыттарды жеткізу, шағын қалаларда тұратын халықтың рухани сұраныстарын қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік өнер мен әдебиет туындыларын насихаттау, тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Өткізілер іс-шараның маңыздылығы мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, «Отаным – бақыт мекенім» жобасына жетекші республикалық мәдениет ұйымдарын тартып отыр. Олардың ішінде елімізге танымал, әйгілі «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблі бар. Аталған ансамбль кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Мәдениет үйінде жұртшылыққа өз репертуарларынан ең үздіктерін паш етті.
Гастрольдік сапарда ансамбльмен бірге көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай да жүр. Ақын Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының басым бағыттарын, еліміздегі халықтың мүддесі үшін атқарылып жатқан игілікті істер жайлы айтып, сондай-ақ көрерменге өз шығармашылығынан шашу шашты.
«Қазақстан камератасы» – Кентауда
Последние статьи автора