Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай Қазақстанда 2023 жылға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Тараптар банк секторын, жаңа өндіруші қуаттарды енгізу бөлігінде энергетика саласын дамыту, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды, соның ішінде кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Әлихан Смайылов Қазақстан ЕҚДБ-мен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын және банктің құрылымдық реформаларды жүргізуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

 «Үкімет «жасыл» экономика, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері мен жеке бизнесті дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру бойынша белсенді бірлескен жұмысқа дайын. Біз елдік және өңірлік деңгейде ынтымақтастығымызды кеңейтуге ниеттіміз», — деді ол.
Сонымен қатар Премьер-Министр экономикалық даму шеңберінде республикада декарбонизациялауға ерекше назар аударылатынын, осыған байланысты биылғы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілгенін айтты.

Өз кезегінде Жужанна Харгитай ЕҚДБ-ның барлық қолданыстағы және жоспарланған жобалар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуді мақсат еткенін растады. Бұл ретте ол Банктің экономиканың басым салаларында жаңа «жасыл» бастамаларды пысықтауды жандандыруға дайын екендігін атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста