Қазақстан ең бақытты елдердің қатарында - зерттеу

Қазақстан ЕАЭО-ның барлық елін, соның ішінде Ресейді басып озып, әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингінде 50-орынға ие болды, - деп жазады Tengrinews.kz, Finprom.kz сарапшыларының хабарламасына сілтеме жасап.

Статистика комитетінің өкілдері қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізген екен. Сауалнама нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың 63,5 пайызы өмірімен қанағаттанатынын айтқан. Ал ауылдық жерлерде тұратындар арасында бұл көрсеткіш жоғары болып шықты, ондағы тұрғындардың 72,6 пайызы өмірімен қанағаттанатыны белгілі болды.

Сондай-ақ, сауалнама барысында өз өміріне қанағаттанған ер адамдардың арасында әйелдерге қарағанда (61,8 пайыз) (ерлер - 58,5 пайыз) көп болғаны анықталды.

Осылайша, 2020 жылғы бақыт деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингінде (World Happiness Report) Қазақстан 153 елдің ішінен 50-орынға тұрақтады. Бұл ретте ЕАЭО елдері арасында Қазақстан 1-орынды иеленді, одан кейін Ресей (73-орын), Қырғызстан (74-орын), Беларусь (75-орын), Армения (116-орын).

Ал ең бақытсыз елдердің тізімінде Зимбабве, Оңтүстік Судан және Ауғанстан елдері бар.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста