Қазақстан Батыстың секс төңкерісіне қарсы тұруы керек - депутат

 Қазақстандықтар Батыстың секс төңкерісі қағидаларына қарсы тұруы керек, мұндай пікірді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутаттың пікірінше, Батыста секс төңкеріс жұқпалы аурудың таралуын және белсіздікке шалдыққандардың санын көбейтті.

Депутат мемлекет қазақстандық жастардың некеге дейінгі пәктігін сақтау ұстанымдарын бойға сіңдіріп жатқанын айтты. "Батыс некеге дейін жыныстық қатынастың болуы кейінгі отбасылық өмірінде көмектесетіні жайлы пікірдің таралған кезінде сексуал төңкерісті бастан өткерді. Батыс дәл осы саясатты бізге ауыстырып жатыр, ал біздің діл мен дінде әрқашан пәктік туралы айтылады. Кейбір жағдайлар болып қалатынын түсінемін, бірақ адам өз өмірінде бір ғана серігі болуы керектігін түсінуі керек", - деді Петухова.

Ол, сонымен қатар, Қазақстандағы жұптардың шамамен 17 пайызы балалы бола алмайтынын қосып айтты. Белсіздікке шалдыққан ер адамдар көбейіп келеді - елде еркектердің шамамен 30 пайызы белсіздікке шалдыққан. Қазақстандық жастарға әсер етуі мүмкін секс төңкеріс жағдайды айтарлықтай мүшкіл ете түседі. "Әдепсіз жыныстық қатынас жасаумен өмір сүріп, кейін - қорқынышты ештеңесі де жоқ, ЭКО жасатып, бала босана аламын дейтін амалдың алдын алу қажет. Өкінішке қарай, мұндай балалардың (ЭКО арқылы ұрықтандырылған) жағдайы туралы тәжірибе жиналған жоқ. Көмекші өсімпаздық технология мемлекет үшін, отбасы үшін қымбат. Өсімпаздық денсаулықты сақтап, қорғау - адамға берілген үлкен сый екенін түсінуіміз қажет", - деді Петухова.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста