Қазақша контент жасауға бөлінген қаржы қайда жұмсалып жатыр?

Қазақша контент жасауға бөлінген қаржы қайда жұмсалып жатыр?

Күнделікті қоғамда, мемлекеттік жиындар мен қоғамдық орындарда, көшелердегі жарнамаларда, ең аяғы қоғамдық көліктерде де шетқақпай көріп жүрген қазақ тілі қазнет алаңында да жетімсіреп жүр. Мәселен, елімізде 32 680 орыстілді, 4500 ағылшынтілді сайт тіркеуде тұрса, қазақтілді сайттардың саны әлі күнге 4 мыңға да жетпепті. Яғни орыстілді сайттардың үлес салмағы 79,6 % болса, ағылшын тілінде – 11%, ал қазақтілді сайт 9,3 % пайызды құрайды. Мемлекет тарапынан қазақтілді сайттардың санын арттыруға жыл сайын арнайы қаржы бөлініп, жан-жақты қолдау көрсетілсе де, ана тіліміздегі тіркелген сайттар ағылшынтілді сайттардың санына жете алмай тұр.
Тіпті «барымен базар» деп, сол 4 мың сайттың барына да шүкіршілік айту мүм­кін емес. Өйткені барының да жетісіп тұрғаны шамалы. Басқаны былай қойып, аты дардай министрлік сайттарынан қа­зақ тіліндегі ақпараттарды еркін табу мүм­кін емес. Сайттың адресін жазған сәт­те ең алдымен орыс тіліндегі парақшасы жарқ ете қалатын сайт­тарымыз да жетер­лік. Мәселен, еліміздің Денсаулық сақтау, Мұ­най және газ, Ауыл шаруа­шылығы, Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау және Эко­номикалық даму және сауда министр­лік­терінің сайтында алдымен орыс тілін­дегі парақшасы көрініп, «қуантады». Мей­лі ғой, қазақ тілін таңдап, қазақ тіліндегі нұс­қасын іздеуге кірісерміз. Алайда мем­лекеттік тіл қазақ тілі екенін ескерсек, ми­нистрліктердің беташар бетінің де ана тілі­мізде ашылғаны дұрыс болар ма еді деген базына ғой біздікі. Онсыз да қазақтілді сайттарымыздың саны көңіл қуант­пай тұрғанда, министрлік сайттары алды­мен қазақ тіліндегі парақшасын ашып, шын қуантса, қанекей! Қазақ тіліне құр­метті алдымен министрлік сайттары көр­сет­пегенде, басқаларға не деп айтуға бо­ла­ды?!
Тағы бір айта кетер жайт, кейбір сайттардан орыс тіліндегі парақшасында бар ақпаратты қазақ тіліндегі парақшасынан табу қиынға түседі. Мәсе­лен, Ауыл шаруашылығы министрлігі сайтынан диқандарға берілетін мемлекеттік көмек туралы қазақша ақпарат табу мүмкін емес. Бір қызығы, ондай ақпаратты орыс тіліндегі парағынан оңай табуға болады. Мәжілісмен Мұрат Әбенов мырза: «Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында (www.mz.gov.kz) қазақ тіліндегі «Бірыңғай ұлттық ден­саулық сақтау жүйесі» деген бөлімге қарапайым азамат кірген уақытта онда қазақ тіліндегі ақпараттың орнына «Такой страницы не существует. Хотите создать?» деген сөздер шығады. Өңірлерде тұрғындармен кездесу барысында азаматтардың Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінен мүлдем хабарсыз екенін білдік. 
Сондықтан жұрт­шы­лық бұл жүйенің пайдасын сезінбеуде, өз құқықтарын білмейді. Өйткені бұл жү­йені түсіндіру шаралары дұрыс жолға қо­йыл­маған. Жоғарыда­ғы мысал – соның айқын дәлелі», – дейді. Шы­нымен, Денсаулық сақтау министрлігі осы салада жасалып жатқан реформалар жөнінде халыққа ресми сайтында егжей-тегжейлі түсінік берсе әлдеқайда дұрыс болмас па еді?!
Бұл мысалдар – мемлекеттік органдар тарапынан тіл заңнамасының талаптарын сақтамаудың бір бөлігі ғана. Айта берсек, қазақтілді сайттардың кем-кетігі көп-ақ.
Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында халықтың компьютерлік сауат­ты­лығын арт­тыру мен Электрондық үкі­метті дамыту, оның ішінде 2012 жыл­дың соңы­на дейін әлеуметтік маңы­зы бар мем­лекеттік қыз­мет­тердің 60%-ын және лицен­зия­лардың барлық түрлерін элек­трондық фор­­матқа көшіруді басым мін­деттердің бірі ретінде атап өтті. Дегенмен Қазнетте қазақтілді сайттар – мүшкіл халде. Егер де біздің елде, біздің домендік аймақта мем­лекеттік тілде веб-ресурстарды дамы­туға жағдай жасалмаса, қай жақта олар дами алады? Сонда қазақша контентті жасауға бөлінген қаржы қайда жұмсалып жатыр? Интернеттегі қазақ тілінің әлсіз­дігінің тағы бір дәлелі. Қазақ­стандық веб-ресурстар рей­тингісін анық­тайтын http://zero.kz сайтында танымал «ондықты» айтпаған­да, «жиырмалыққа» кіретін бірде-бір қазақтілді сайт жоқ. Неліктен? Бюджет қара­жаты есебінен қазақ­ша контентке қол­дау көрсету үшін арнайы мекеме құр­дық. Жүздеген миллион қара­жат бөл­дік. Танымал болған сол сайттар қайда? Біздің казтюб қайда? Заңды түрде отан­дық фильмдерді қайдан көреміз, қазақ музыкасын қайдан тыңдай­мыз, ана тілі­міздегі кітаптарды қайдан оқи­мыз? Түсі­нікті тілде ақпарат жоқ болса, қазақтілді азаматтарға интернетке шығу­дың не қа­жеті бар?
Шыны керек, бүгінде азаматтарымыз ақпарат алу үшін орыстілді сайттарға бас сұғады. Себебі белгілі. Әйтсе де осы сала­ның маманы Серікқызы Кәкібаланов мырза «қоғам қазақша сөйлемей, интернеттегі қазақтілді сайттардың саны артпайды, сапасы да жақсармайды» дейді.
Серікқазы КӘКІБАЛАНОВ, «Қазақ интернеті» қоғам­дық бірлестігінің жетекшісі:
– Қазір қоғамдық орындардың бар­лы­ғында орыстілділер көп. Қоғам қандай болса, интернет әлемінің де сондай болуы заңдылық, яғни қазақтілді континент тарапынан сұраныс бол­мағаннан кейін қазақтілді сайттар­дың саны аз болып отыр. Қазақтілді­лер­дің басым бөлігі ауыл­да тұра­ды. Ал ауылда интернет түгіл, компьютермен жаб­дықтау деңгейі де мәз емес. Ниет болса, электронды үлкен жобалар жа­сау­ға болады. Әйтсе де тиісті орын­дар тарапынан дұрыс көзқарастың бол­мауынан осындай кемшіліктер орын алуда.
Осы орайда интернет жүйесіндегі кемшіліктер жайлы жанайғайын жоғарыға жет­кі­зіп жүр­ген Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов: «Ауыл­дық мектептер әлдеқашан заман тала­бынан қалып қойды. Егер де оқушы­ларды компьютерге бірінші рет 7-сыныпта отыр­ғызсақ, олардан не күтуге болады? Оқу бағ­дарламасы солай. Және сабақ  – аптасына бір рет. Бұған қоса, ауылдық жер­лерде ба­лаларға мектептен басқа орын­да мони­тор­дың алдында отыру мүм­кіндігі жоқ. Оқу­шылар компьютерді қалай қосу және өшіру жаттығуларын 13 жасын­да ға­на үйренеді. Мектептегі информатика пәні­нің бағдар­ламасы қатты ескірген. Әлі сол Visual Basic пен «Паскаль» төңірегінен шыға алмай жүрміз. Мектептің 11 жылдық бағдар­ла­ма­сын­да ғаламтор­мен, е-поштамен, аудио, фото, мәтіндік файлдармен қалай жұмыс жасауды, сайт құруды мүл­дем үйрет­пейді. Осындай біліммен түлек­тер жоғары оқу орындарына барады. Жоғары оқу ор­ын­­да­рындағы қазақ топтарында ақпарат­тық тех­нологиялар көп жағдайларда орыс немесе ағылшын тілінде оқытылады. Басты себеп – мамандар, сапалы оқулықтар, заман талабына сай әдістемелер жетіспейді, термин жиын­ты­ғы әлі жоқ. Ғаламторға ең негізгі ақпарат (контент) орналастырушы мемлекет болу керек. Заң бойынша мемлекеттік органдар­дың мемлекеттік тілде ақ­парат орналастыру міндеті де бар, қара­жаты да шешілген», – дейді.
Демек, сайт әлемінде емін-еркін жұмыс іс­теп, замана көшінен қалып қойғымыз кел­ме­се, жоғарыдан қозғалыс керек екені анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста