«Қазақша ет» ұлттық тағамы дүниежүзілік Гиннесс рекордтар кітабына енеді

6 шілде күні сағат 12.00-де Астана қаласындағы Ғашықтар саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақ география қоғамының ұйымдастыруымен Елорда күніне арналған «Тайқазан» акциясы өтеді, - деп хабарлайды Baq.kz «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Іс-шара барысында аспаздар таза ауада, қазақ халқының ет асудағы дәстүрлі рецептімен қала тұрғындарына арнап 700 килограмнан астам «қазақша ет» ұлттық тағамын дайындайды.

Акция аясында шығармашылық ұжымдар мен қазақ әндерін орындаушыларының қатысуымен мерекелік концерт, ұлттық тағамды дайындау бойынша шеберлік сабақтар мен жердің Оңтүстік және Солтүстік полюстерін бағындырған Қазақ географиялық қоғамының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылады.

Лондон қаласындағы Гиннесс рекордтар кітабының штаб-пәтерінен келген супервайзер «Елдің ең басты ұлттық тағамын дайындау» дүниежүзілік рекордын тіркеуді жүзеге асырады.

Акцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, ҚХА, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, өнер саласындағы зиялылар, жастар ұйымдарының жетекшілері, Гиннесс рекордтар кітабының өкілдері мен БАҚ қатысады.

Baq.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста