"Қазақфильм" киностудиясының 50 фильмі өзінің мерейтойын атап өтеді

2015 жылы "Қазақфильм" киностудиясының 50-ге жуық фильмі өзінің мерейтойын атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының желісімен түсірілген "Абай әні" көркем фильмінің экранға шыққанына 70 жыл толады. Картинаның режиссерлері - Григорий Рошаль мен Ефим Арон. Сондай-ақ үш фильм 60 жылдығын атап өтеді: Павел Боголюбовтың "Қыз-жігіт" музыкалық комедиясы, Сұлтанахмет Қожықовтың "Анасы мен баласы" режиссерлық дебюті және Мәжит Бегалиннің "Бұл Шұғылада болған еді" картинасы.

Шәкен Аймановтың "Бір ауданда" көркем фильмі 55 жылдығын атап өтеді. "Қазақфильмге" есімі берілген атақты кинорежиссердің "Атаманның ақыры" картинасына 45 жыл толды. Сонымен қатар, режиссер Сұлтанахмет Қожықовтың "Қыз Жібек" кинолентасы 45 жылдығын атап өтеді. Шәріп Бейсембаевтың "Гауһартас" көркем картинасына биыл - 40 жыл, театр мен киноның атақты режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің "Қуғыншылар" лентасына - 35 жыл, Болат Шамшиевтің "Мергендер" әскери драммасына 30 жыл толады.

Сонымен қатар өзінің алғашқы бес жылдық мерейтойын "Қазақфильмнің" мына картиналары атап өтеді: "Сіз кімсіз, Ка мырза?" (режиссері Қуат Ахметов), "Жұлқыныс" (Қанағат Мұстафин), "Махаббат тәлкегі" (Александр Черняев пен Ержан Рүстембеков) және "Қызғылт қоян туралы ертегі" (Фархат Шәріпов) жастардың драмасы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста