Қазақ мемлекеттік циркі балаларды қорғау күніне орай жаңа қойылымын ұсынды

Қазақ мемлекеттік циркі балаларды қорғау күніне орай жаңа қойылымын ұсынды

Қазақ мемлекеттік циркі Балаларды қорғау күніне орай қоғамның ең кішкентай мүшелеріне жаңа қойылым ұсынды. Әдеттегідей жаңа қойылымның алғашқы күні мүмкіндігі шектеулі балаларға, балалар үйлерінің, интернаттардың тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналды. Басқа уақытта үйлерінен көп шыға бермейтін санатқа арналып қойылған қайырымдылық бағдарламасында балалардың ерекше қуанышына куәгер болдық.

 Цирктің сиқырлы әлемінің әрқашан балалар көңілінің төрінен орын алатынына тағы бір мәрте көзіміз жете түсті. Бағдарламаға цирк әртістері мен Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қатысып шеберліктерімен көрермендерін тәнтті етті.

Атап өтер жайт биыл балалар жылына орай балаларға арналған көп орындардың тегін болуын ата аналар көп өтініп жатыр. Бірақ жыл сайын алғашқы қойылымдарын қоғамның ерекше мүшелері мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы үйдің балапандары мен тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық ретінде қоюы цирктің әдетіне айналғанын ескере кету керек.  Осы орайда көрермендердің бірі  Оразақова Нұрғиса апамыз «Цирктің алғашқы күнінің көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып қойылуы көңіл қуантады. Бұл біздің қоғамымыздың әрбір мүшесін өз қамқорлығына алып, олардың мәселесін ұмытпағанын білдіреді. Жалпы биыл балалар жылына орай бар жақсыны балаларға арнап, мүмкіндігінше олардың көңілі көтеріп, көбірек көңіл бөлуіміз керек. Қазақ мемлекеттік циркі секілді балаларға тегін қойылымымен құшағын айқара ашатын орындардың санын арттыра түсуіміз керек» дейді.   

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста