Қауіпті дәрілер құрсақтан алады

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бүгінде «аборт вирусы» асқынып тұр демеске амал кем. Құрсақтағы құн­дылығынан құтылу үшін жасы да, жасамысы да осы бір қауіпті отаға жүгінуге жүгіріп жүргендері. Елі­мізде жылына 150 мыңнан 300 мың­ға дейін аборт  жасалады екен. Сан­дар осылай «сайрайды».  Ұлттың бо­лашағына алаңдайтын адамды ұй­қы­сынан шошытып оятатын қо­р­қы­нышты цифрлар әрине. Мұндай көр­сеткішпен еліміз басқа жағынан мақ­тана алмаса да, әлемнің алпауыт ел­дерін шаң қаптырып, Гран приді қа­н­жы­ға­сына байлағалы қашан?! Тіпті арт­та қалған деп саналатын бірқатар елдер енді аз ғана жылдан кейін шаңымызға да ілесе алмай қалатын түрі бар.
Ең қорқыныштысы – болашақ аналарымыз – бү­гінгі жас қыздар құрсағын қырнатып, абортқа жүгініп жүргені жүрегіңді ауыртады. Мысал керек пе, мархабат... Өткен жылы 15-18 жас аралығын­дағы қыздарға 241 түсік жасалыпты. Бесіктен белі шықпаған, қылығы түздегі қыздарымыздың тірлігі осы болып тұр бүгінде. Бұл жағдай ұлтымыздың төрдегі басын көрге сүйрейтіні анық енді... Бұл әңгіме бүгінде айтыла-айтыла тулақ болып кеткен түрі бар. Осы мәселеге қатысты түйінді тарқату әл-әзірге мүмкін еместей. Түсік жасату әйелдердің денсаулығына зиянын тигізе отырып, ұлттың тектік қорын бұзады деп дәрігерлер дабыл қаққалы қашан. Бірақ... сол баяғы бірақ... Қай дінді алып қа­расақ та, түсік тастағандарды маңдайынан си­па­майды. Турасын айтқанда адам өлтіру деп са­нап, оның тозақ отына өртенетінін, зауалы мол бо­латынын ескертеді. Алайда бүгінгісін ғана ой­лап, ертеңгісін «көре жатармызға» жауып қоя са­латын жаулықтыларымыз мұндай қауіпті қадамға бар­ғанда мойнына адам қанын жүктеп отырғанын ес­кергісі де келмейді. Бүгінде әлемнің бірнеше ел­де­рінде түсік жасауға тыйым салынған. Мұндай қа­­дамға барғандарға үкім кесіп, заңмен қу­далайды. Ал біздің елімізде  аборт жасатып, адам өл­тіруге барлық жағдай жасалған. Бағасы да қол­жетімді. Қалтаны қақпайды. 7-8 мыңнан бастап, 10-15 мың теңгеге дейін барады. Мемлекеттік ме­ке­мелерден бастап, жеке клиникаларға дейін жа­тыр­дағы жаны бар дүниені құртуға рұқсат беріп қойған. Оған емшісымақ, бақсы-балгер, көріпкел­дер­дің де  айқайға қиқу қосатыны бар. Оларға, әри­не, қазақтың қамы емес, қалтаның қоңы ма­ңыз­ды. Негізінде, дәрігерлер «абортқа тек ананың денсаулығы көтермейтін, баланы дүниеге әкеле алмайтындай жағдайда ғана алдыруға рұқсат етілуі тиіс» дейді.
Ал бізде... селтеңдеп жүріп сорлап қалған қыздар бетінен басып, бала тууға ұяла қалады. Төсек төңірегіндегі мәселе­лерді «беске» білетін қыздарымыз сақтану жолдарын білмей қалатыны таңғалдырады. Әрі бүгінде ақ төсекке адал боп бару деген үрдіс те сәннен қалып кеткелі қашан? Қы­рық үйден тыйым көрмеген қыздарымыз мек­тепте жүріп-ақ мама атанып, бала емі­зіп жүр. Тіпті болмағанда тым «ұялшақтары» бе­тінен басып, осы қадамға баруға мәж­бүр. Оған түрлі жағдайлар көмек қолын со­зып отырғаны анық. Түріктің «сабын» се­риал­дарын сүйсіне көретін қаракөздеріміз көп бүгінде. Онда тәрбие беретін түгі жо­ғын түсінбейді де. Ата-анасының бетінен алып, төсіне шауып, бауырларын жауынан бетер жеккөрушілікке үндейтін, осы се­риал­­дар­да әр жігітпен бір жүріп, аяғы ауыр­лап қа­латын, одан аборт жасата сала­тын көрі­ністер көп. Тап бір көрнекі құрал іспетті, со­қырға таяқ ұстатқандай бәрін үйретіп отыр. Осыны аңқау қыздарымыз қалыпты жағ­дайдай қабылдайтыны бар. Одан қалса, бүгінде әртүрлі шетелден келген қо­ға­мдық ұйымдар мен қайырым­дылық қорлары мектептерімізді төңіректеп жүр. Бекерге емес. Оқушыларға мүшеқапты қа­лай пайдалану керектігін, бала болдыр­май­тын дәрілерді қалай дұрыс пайдала­ну керектігін үйретеді. Оларды түре қуып шы­ғуға қауқарымыз жоқ. Халықаралық дау туындап кетуі кәдік. Қарап тұрсақ, бәрі де, айналып келгенде, қазақты түп-тамы­ры­мен құрту үшін жаныға жұмыс істеп жат­қан­дай көрінетіні бар. Оның үстіне, бүгінде Қы­тайдан ағылып келіп жатқан қауіпті дә­рілер жығылған үстіне жұдырық болып тұр.. Бейресми статистикаға жүгінсек, өт­кен жылы аборт жасатуға аңсары ауған 170 қазақстандық әйел Қытайдан әкелінген күмәнді дәрілердің кесірінен аурухана төсегіне таңылған. Әупірімдеп ажалдан аман қалыпты, әйтеуір. Әсіресе «А» деп аталатын дәрісі іштегі шарананы түсірмек былай тұрсын, жатырды қоса шірітіп жібе­ре­ді екен. Азаптанып ауырған әйелдер ау­ру­ханаға түскен соң, дәрігерлер ананың өзін аман алып қалу үшін, амал жоқ, жа­тырын алып тастауға мәжбүр болады. Бұл дегенің ұлтты тамырынан суал­ту демеске амал жоқ. Құр­са­ғынан қоса айырылған ананың ұлттың өсіп-өр­кен­деуіне үлес қоса ал­май­тындығы тағы анық. Соны дәріні ішпей тұрып неге ой­ланбады екен дейсің? Бір­ақ амал не? Кінәні бұлақ­тың ба­сы­нан іздеген жөн сияқты. Жал­пы, мұндай қауіпті де кү­мәнді дәрілер кеденнен қалай өт­кі­зі­леді, кімдер әке­леді, со­ларды ұстап жа­за­лау жағы кем­шін. Нәтижесінде ұлты­мыз­­дың болашағына қауіп төніп, талай қара­көз­­де­ріміз қу тізесін құ­шақтап жүр. Құрсақтағы құй­та­қандай жан иесіне ғана емес, әйелдің өзіне де қауіпті мұндай дәрілер көше-кө­ше­де, базарларда емін-еркін сауда­лану­да. Дәл осындай қауіпті дәрілердің жолын кесу­дің құлақ күйін таба алмай келеміз.  «Елі­мізге контра­бан­далық жол­­мен жеткізі­ле­тін дә­рілер­дің көбейіп кетуі – фармацев­тика сала­сында мемлекеттік қатаң бақы­лау­­дың жоқ­тығынан» дей­ді мамандар.
Бақыт ТҮМЕНОВА, «Аман-саулық» қоғамдық қорының директоры:
– Дәрі-дәрмекті дәріханалардан басқа жерде сатуға тыйым салу қажет. Арнайы мемлекеттік тізімге тіркелген, сапасы тексерілген, сертификат беріл­ген дәрілерді ғана дәріханаларда сатуға қатаң бақылау керек. Елімізде сапасы күмәнді дәрілер оңды-солды сатылып жатыр. Оны бақылап жатқан ешкім жоқ. Бақылауды қатаңдату қажет.
Қауіпті дәрілерді кеденнен алып өтк­ен­дерді де, сатып жүргендерді де қылмыстық жауапкершілікке тарту – қиынның қиыны. Ұсталған күнде де аз-маз айыппұл төлеп құтылып кетіп жатады. Ең ауыр жазаның түрі бір жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру екен. Тым күлкілі емес пе? Мына жақта жатырынан айыры­лып, жылап жүрген бір жұрт, ал соған кінәлілерді бұзықтық жасаған баланы басынан сипағандай етіп босатып жібереді. Шетелден ағылған дәрі-дәрмектің бәрі де ең алдымен Алматыға келіп түседі. Одан еліміздің түкпір-түкпіріне таратылады. Міне, талайлардың көз жасын көлдетуіне себепші боп жүргендерді осыдан ұстау қиын ба? «Бармақ басты, көз қысты» әре­кеттер болмаса, жазалыны табу қиынға соқ­пас.

Там-тұм тарих
1913 жылы дәрігерлердің съезінде аборт жасатқан әйел мен оны жасаған дәрігерді қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәселе көтерілген болатын. В.И. Ленин 1920 жылы түсік жасатуға рұқсат ететін заңға қол қойды. Ал 1936 жылы қайтадан КСРО халқының санын көбейту мақсатында аборт жасауға тыйым салу туралы қаулы қабылданған болатын. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста